• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Сәуір, 2020

Шымкентте коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 6 адам анықталды

244 рет
көрсетілді

Вирус жұқтырғандардың 5-еуі 1977ж, 1984ж, 1988ж, 2015ж, 2016 жылы туған Шымкент қаласының тұрғындары. Сондай-ақ вирус анықталған 1977 жылғы азамат Түркістан облысы,  Сайрам ауданының тумасы. 

Олар өздеріне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы қойылып, карантиндік стационарға жатқызылған. Зертханалық сынама алынған. 

Бүгінде науқастардың жағдайлары бір қалыпты. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем-дом жүргізілуде.     

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.

Ал, ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

23 сәуірдегі жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 139 адам анықталды.

 

Шымкент