• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Сәуір, 2020

Қарағанды облысы: Бес адамнан COVID-19 белгісі табылды

204 рет
көрсетілді

Бүгін, яғни 24 сәуір күні Қарағанды облысында тағы бес адамның COVID-19 жұқтырғаны зертханалық негізде расталды.

Ауырғандардың арасындағы 1994 және 1997 жылдары туған екі адам Қарағанды қаласының тұрғыны. Олар бұрын карантиндік госпитальға жатқызылған екен.

Сондай-ақ, 1989 және 1997 жылдары туған тағы екі ер адамның бірі үй карантинінде болса, екіншісі карантиндік госпитальда жатыпты.

Бесінші науқас – Теміртаудың 32 жастағы тұрғыны. 

Бүгінгі күні Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 108 адамға жетіп отыр. Оның ішінде бір адам қайтыс болды және 30 науқас ауруынан жазылып шықты.