Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, Атырау облысы әкімдігінің Telegram каналы 2017 жылы ашылған.
Қазір оны қолданушылар қатары 20 мың адамға жетіп отыр. Бүгінге дейін тұрғындардан 15 мыңға жуық сұрақ түскен. Сондай-ақ, тұрғындар аптасына 200-ге жуық сұрақ жолдайды.
–Telegram каналы халықтың облыс әкімдігінің өкілдері мен тиісті органдар жетекшілермен тікелей байланыс орнатудың тиімді алаңына айналды. Бұл –әсіресе, әлеуметтік мəселелердің жедел шешілуіне арналған таптырмас құрал, - дейді өңірлік коммуникациялар қызметі талдау бөлімінің басшысы Аяжан Қайдар.
Қазір Атырау қаласы мен аудандар әкімдіктері де Telegram каналынан парақша ашқан. Мақсат –ауыл тұрғындарының өтінімдеріне дер кезінде жауап беру. Әр ауданның каналын шамамен 3 мыңнан 5 мыңға адам қолданады.