• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 24 Сәуір, 2020

Министр онлайн ұйымдастырылып жатқан спорттық іс-шаралар туралы айтты

164 рет
көрсетілді

Спорт саласында мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында допингке қарсы онлайн-курс енгізілді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова айтты.

«Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін 17 наурызда Қазақстан киберспорт Федерациясы мен «Қазақтелеком» АҚ Қазақстанда алғаш рет Alaman#StayHome аймақтық турнирін өткізу туралы хабарлады. Қашықтан өткен алғашқы киберспорттық турнирге гаджеттер арқылы сайысқа түскісі келетін қазақстандықтардан 5000-ға жуық өтініш түсті. Бұл сайыс 31 мамырға дейін жалғасады», - деді А. Райымқұлова.

Сондай-ақ министрлік үстел ойындары бойынша онлайн-турнирлер ұйымдастырады.

«Қазақстандық шахмат федерациясы Қазақстан киберспорт федерациясымен бірлесе отырып, chess.com сайтында «Uide Bol Cup 2020» найзағайлы шахмат (блиц) бойынша алғашқы онлайн-турнир ұйымдастырды. Жарысқа 1 230 әуесқой шахматшы қатысты. Осындай жұмыстар өңірлерде де жүргізілуде. Мысалы, Ақтөбе облысында тоғызқұмалақтан облыстық онлайн турнир, Маңғыстау облысында алғаш рет онлайн-шахматтан облыс чемпионаты өтті»,- деді министр А. Райымқұлова.