• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
14 Қыркүйек, 2013

Шетелдік көліктің құжаты жалған екен

273 рет
көрсетілді

Атырау облыстық кедендік бақылау депар­та­менті қызмет­кер­лері Қазақстан аумағына шетел­дік көліктің мұнайлы өңірге контра­бандалық жолмен әкелінгенін анық­тады. Аталған департаменттің бас­пасөз қызметінің хабарлауынша, кеденшілер жүргізген жедел-із­дестіру шаралары нәтижесінде 2008 жылы Жапониядан шығарылған «Toyota RAV4» маркалы авто­кө­лі­гінің жалған құжаттар ұсыну арқылы ел аумағына кіргізілгені, сөйтіп, Атырау облыстық жол поли­ци­я­сы басқармасында тіркелгені бел­гілі болды. Алайда, тергеуал­ды тек­серіс жүргізу барысында, бұл автокөліктің Бела­русь Рес­пуб­ли­касының жол полициясы бас­қар­­ма­сында тіркелмегендігі, соны­мен бірге, аталған көлікке ұсы­ныл­ған техникалық құжаттың бірде-бі­рі автокөлікке берілмегендігі анық­талып отыр.

Осы факті бойынша қазір анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,

«Егемен Қазақстан».

Атырау облысы.

Соңғы жаңалықтар