• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Сәуір, 2020

Қостанайдағы қалалық аурухана карантинге жабылды

156 рет
көрсетілді

Кеше қалалық ауруханада аймақтағы 36-шы індет жағдайы анықталған болатын. Індет жұқтырған ер адам осы ауруханада жатқан.

Бүгін денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі қалалық аурухананың карантинге жабылғанын мәлім етті. Қазір коронавирус жұқтырған науқаспен жақын қатынаста болған барлық дәрігерлер мен науқастар  оқшауланған. Олардың барлығынан қан алынған. Талдау қорытындысы шыққан соң, түгелдей карантиндік емдеу мекемесіне немесе үй карантиніне жіберіледі.  

Қала тұрғындарына қазірше облыстық аурухана қызмет көрсете тұрады.  

 ​

Қостанай облысы