• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Әлем 24 Сәуір, 2020

Моңғолияның бұрынғы президенті елдегі мұсылмандарға арнаған ықыласын қазақ тілінде жолдады

2086 рет
көрсетілді

Рамазан айында күллі мұсылман жұртының қасиетті құлшылығы Оразаның басталу құрметіне орай, Моңғолия елінің бұрынғы президенті Намбарын Энхбаяр елдегі барлық мұсылмандарға арнаған ыстық ықыласын TV9 MONGOLIA телеканалы арқылы қазақ тілінде жолдады.

Экс президент өз сөзінде: «Ассалаумағалейкум!  Моңғол және қазақ халқы ежелден тарихи тамырлас жұрт. Жадыраған көктемнің шуағымен жараса келген Ораза құлшылығымен барлық қазақ бауырларды құттықтаймын. Ардақты мұсылман қауым, сабыр мен төзімділік һәм имандылықтың дәлелі болған қасиетті Рамазан айы құтты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, ел іргесі бүтін, береке-бірлігіміз бекем болсын, ұстаған Оразаларыңыз қабыл болсын!» деп шынайы ықыласын білдірді.