Украинаның астанасы – Киев қаласында қыркүйектің 8-інен бері өтіп жатқан бокстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өзінің шешуші кезеңіне келіп жетті. Алдымен қолымызда дерегі толық тұрғанымен, соны әртүрлі себептермен соңғы күндері дер кезінде жеткізе алмағанымыз үшін бокссүйер қауымнан кешірім сұраймыз.
Бұрнағы ойналған ширек финалдық шайқастардың қорытындысында барлық 13 салмақ категориясы бойынша жартылай финалға шыққандардың аты-жөндері белгілі болды. Бұл саптан 8 қазақстандық жас боксшы орын алды.
Енді бәрін рет-ретімен баяндайық. Қыркүйектің 10-11-і күндері 1/8 финалдық айқастар болып өтті. Мұнда 7 қазақстандық боксшы шаршы алаңға шығып, солардың 6-ы жеңіске жетті. Жеңгендердің қатарында бұл жолы Әлімжан Бескемпір (46 кг), Серік Теміржанов (48 кг), Бауыржан Темірхан (52 кг), Абылайхан Жүсіпов (57 кг), Жұмагелді Раев (75 кг) және Дмитрий Зиско (+80 кг) болса, Сабыржан Әбілов (57 кг) бұған дейін жарыс жолынан шығып қалған Берік Құлан (60 кг) мен Владислав Столбовскийдің (63 кг) қатарын толықтырды.
Ал 12 қыркүйек күні медальдардың тағдыры шешілетін ширек финалдық жекпе-жектер болды. Мұнда біздің 8 боксшымыздың бағы жанып, 2 ұланымыз жеңіліске ұшырады. Осылайша бізден Әлімжан Бескемпір, Серік Теміржанов, Стоян Мазур (50 кг), Бауыржан Темірхан, Абылайхан Жүсіпов, Рахат Мыржықпаев (66 кг), Қадырбек Сәдібек (70 кг) және Дмитрий Зиско «медальдар» ауылына енді. Енді бұлардың әрбіріне кем дегенде қола медаль бұйырады. Ал бұлардың қатарына соңғы сәтте, ширек финалда сүрінген Жұмагелді Раев пен Тимур Ержанов (80 кг) кіре алмай қалды. Сонымен, чемпионатқа барған 13 боксшымыздың 8-і медальге қол жеткізге, 5-і бұл белестен табылған жоқ.
Жалпы, қазақстандықтар бұл чемпионатта медальдар саны бойынша Ресейден кейінгі екінші орынды алғалы тұр. Біздің солтүстік көршілеріміздің бағландары 10 медальды мойындарына тағып қайтады. Ал бұлардың қайсысы алтын, күміс және қола медаль болатынын бүгін өтетін жартылай финалдық және ертеңгі финалдық айқастар анықтайды.
Бұған тағы қосатынымыз, Украина боксшыларында – 5, әзербайжандарда – 4, ал кубалықтар мен ирландиялықтарда үш-үштен жүлде болады. Бұдан әрі талдап берсек, қалған медальдарды басқа құрамалар былайша бөліске салады: АҚШ, Руэрто-Рико, Армения, Түркия – 2, Мексика, Тайпей, Румыния, Молдова, Корея, Бразилия, Өзбекстан, Тәжікстан, Австралия, Германия, Беларусь – 1.
Кеше боксшылар бір күндік тыныс алды. Бүгін жартылай финалдық айқастар жүріп жатыр.
Енді біз жігіттеріміздің алтын медальды көбірек алып, командалық бірінші орынды алуын тілейік.
Дамир Қожамқұл.
Техникалық нәтижелер
Бокс. Жасөспірімдер. IX әлем чемпионаты. Киев (Украина). 8-15 қыркүйек. 2013 жыл.
8 қыркүйек. 1/32 финалдық іріктеу шайқастары. Күндізгі сесия. 57 кг. Дальтон Смит (Англия) – Андерс Егган (Норвегия) 3:0, Артур Пригода (Украина) – Ескерхан Мадиев (Грузия) 3:0. 63 кг. Сирожиддин Шодилджонов (Өзбекстан) – Блэк Траверс (Австралия) 3:0.
1/16 финалдық іріктеу шайқастары. 46 кг. Исраель Родригес (Мексика) – Габор Вирбан (Венгрия) 3:0 , Даниель Лапин (Украина) – Файзен Рахманшоев (Тәжікстан) 3:0, Руфат Гусейнов (Әзербайжан) – Масинг Варавара (Вануату) 3:0 , Адриан Фаргухар (Австралия) – Максим Алейников (Беларусь) 2:1, Святослав Варанкин (Ресей) – Адалберт Допкевитчус (Германия) 3:0, Сабри Хаббоуби (Тунис) – Доржи Норбу (Бутан) 3:0, Наранцогт Биамбасогт (Моңғолия) – Догукан Феттахоглу (Түркия) 3:0, Ту Ро-Вей (Тайпей) – Артур Зинковский (Литва) 3:0, Сулейман Латипов (Өзбекстан) – Ран Власенко (Израиль) 3:0, Сергей Гетевонян (Армения) – Анкуш Данийя (Үндістан) 2:1, Әлімжан Бескемпір (Қазақстан) – Джордан Уит (АҚШ) 2:1, Ким Ви (Корея) – Джейсон Даминг (Филиппин) 2:1 , Георгий Чаргазия (Грузия) – Гиюча Санто (Италия) 3:0, Йоахнис Аргилаго (Куба) – Георге Сепару (Румыния) 3:0 .
Кешкі сессия.54 кг. Фарес Саффори (Израиль) – Оуссама Кара Али (Алжир)WO., Генри Леброн (Пуэрто-Рико) – Икболджон Холдаров (Өзбекстан) 3:0, Ангелой Планиа (Филиппин) –