• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Сәуір, 2020

COVID-19: Арқалық қаласындағы науқас ауруханадан шығуы мүмкін

337 рет
көрсетілді

Арқалықта инфекция бөлімінде жатқан науқастан алынған екінші талдау қорытындысы теріс нәтиже көрсетті. Бұл туралы Қостанай облысының «Ұлттық сараптама орталығы» мәлімдеді. Қазір науқас оң нәтиже көрсеткен бірінші талдау қорытындысы бойынша емделіп жатыр.

– Алдағы уақытта алынатын талдау қорытындылары науқастың жағдайына, иммунитетіне және емдеу шараларының ықпалына қарай бірде оң, бірде теріс нәтиже көрсетуі мүмкін. Хаттама бойынша ауруханадан шығарар алдында науқастан COVID-19-ға тағы екі рет талдау алынады.  Екі талдаудың да қорытындысы теріс нәтиже көрсетсе, үйге жіберіледі, - деп мәлімдеді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Арқалық қаласында тұратын 48 жастағы әйел 18 сәуірде COVID-19 диагнозымен  ауруханаға жатқызылған болатын.

 

 

Қостанай облысы