Дамаск химиялық қаруды халықаралық ұйымның бақылауына тапсыруға келісті. Бұл туралы Сирия президенті Башар Асадтың Ресей журналистеріне берген мәліметіне сілтеме жасаған «lifenews.ru» хабарлады.
Башар Асадтың айтуы бойынша, олар «АҚШ-тың қоқан-лоқы көрсету саясатын тоқтату үшін» химиялық қаруды тапсыруға шешім қабылдады. Ал террористер шетелдерден химиялық қару алу арқылы Американы Сирияға шабуыл жасауға итермелеп отыр. Сондай-ақ Сирия басшысы Дамаск түбіндегі арандатушылық әрекеттердің артында Вашингтонның өзі тұрғанын алға тартты.
Айдар Өрісбаев.