• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Сәуір, 2020

Маңғыстауда кәсіпкерлер дәрігерлерге ұлттық тағам жеткізді

243 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен өңірде күн-түн демей коронавируспен күресіп жүрген дәрігерлерге азық-түлік жеткізілді. Олардың дені ұлттық тағамдар.

Қазы, бауырсақ, балқаймақ, ірімшік, құрт, брынза, қымыз, шұбат ақ желеңді жандардың иммунитетін күшейтіп, құнарлы да табиғи ас болады деді ұйымдастырушылар.

Бұл туралы Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлады.

Маңғыстаулық кәсіпкерлердің қолдарынан шыққан өнімдер шын ықыласпен табыс етілді.

- Отбасынан алыс, халықтың денсаулығы үшін тынымсыз еңбек етіп жатқан дәрігерлерге осылай алғысымызды білдіріп жатырмыз. Жергілікті кәсіпкерлер еккен көкөністер мен қолдан дайындалған табиғи ұлттық тағамдар әкелдік. Үйдің тамағын сағынып, бала-шағасына жете алмай отырған медицина қызметкерлеріне күш-қуат, нәр болсын деген ниетте атқарылған шаруа,- дейді Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасы жанындағы КҚКО бөлім басшысы Ерғали Әнесов. 

Күтпеген жерден келген сый-сияпатқа ақ халатты абзал жандар риза болды. «Көптеген жерлестеріміз біз үшін алаңдап, біздің денсаулығымызды да уайымдап жатыр. Осындай азық-түлікке дейін көптеп жеткізуде, алғысымыз шексіз»,- дейді дәрігерлер.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының бастамасымен осыған дейін блок посттарға да азық-түлік жеткізілген еді.

 

 

Маңғыстау облысы