• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Сәуір, 2020

Маңғыстау: Қайтыс болған әскери қызметкердің екі баласы вирус жұқтырған

171 рет
көрсетілді

Бүгін Маңғыстау облысында бұған дейін тіркелген науқастармен байланыста болған, провизорлық тексерісте жатқан 6 азаматтан COVID-19 инфекциясы анықталды.

Бір науқас кеше қайтыс болған әскери қызметкердің 1990 жылы туған әріптесі. Ол тұратын 22 шағын аудандағы үй подъезі карантинге жабылды.

Тағы екеуі қайтыс болған әскери қызметкердің 2006, 2007 жылы туған екі баласы.

Сондай-ақ бүгін анықталған алты адамның ішінде бұған дейін тіркелген полиция қызметкерлерімен байланыста болған 1996, 1997 жылы туған тәртіп сақшылары бар. Қазіргі таңда олар тұратын Ақтаудағы 17 және 26 шағын аудандағы үй подъездері карантинге жабылды. Алтыншы адам - осыған дейін тіркелген полиция қызметкерінің әйелі. Бұл мекен жай да карантинге жабылып, дезинфекцияланды. Науқастармен байланыста болған барлық тұлға карантинге алынды. Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда.

25 сәуірдегі жағдай бойынша Маңғыстау облысында Ақтауда – 15, Жаңаөзенде – 4, Маңғыстау ауданында – 4, Мұнайлы ауданында – 3 – барлығы 26 адамнан COVID-19 вирусы тіркелді. 4 адам сауығып шықса, 1 адам қайтыс болды.

Тіркелгендер арасында 1 медицина қызметкері, 5 полиция қызметкері болса, 2 бала, 2 зейнеткер және 2 әскери қызметкер, сондай-ақ 14 жұмыссыз адам бар.

 

Маңғыстау облысы