Көктемгі ылғал кепкен соң орманға қауіп көбейді. Қазір диқандар алқаптарын күзгі сабаннан арылтып жатыр. Алқап жиегіндегі қураған қау шөптің жануы тез. Қазіргі таңда төтенше жағдайлар қызметі мен басқа да жауапты сала мамандары қауіптің алдын-алу мақсатында рейд өткізуде.
Өткен екі апта ішінде өңірде қураған шөптерді күйдірудің 12 дерегі және бір орман өртінің оқиғасы тіркелді. Төрт факті бойынша үш жеке және бір лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Өткен жылы 56 орман, 2 дала өрті орын алған болатын. Қураған шөпті күйдірудің 125 дерегі де тіркеліпті. Олардың басым бөлігі адамдардың салғырттығынан орын алған.
–Орман алқаптарындағы өрт қаупінің алдын-алу үшін жедел әрекет ететін арнайы топ құрылды. Бұдан бөлек, үш ауданда «Қазавиаорманқорғаудың» тікұшақ тобы орналасқан. Олар бес ауданның аумағындағы орман алқаптарын бақылайды. Сонымен қатар, төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті өрт қаупі кезеңінде ірі алқаптарда табиғи өрт шыға қалған мезетте сөндіру үшін Көкшетау қаласының әуежайына МИ-28 ірі көлік тікұшағын жасақтап қойды,–дейдіоблыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті бастығының орынбасары Манарбек Шапағатов.
Көк мұнарлы Көкшенің басты байлығының бірі саналатын орманға абай болған жөн-ау.
Ақмола облысы