Қаланың барлық 4 ауданында «Астана – Зеленстрой» қызметкерлері 2 мыңға жуық қылқан жапырақты ағаш отырғызды.
«Ақан Сері көшесінде екі қатар көшет отырғызылды. Бөртегүл мен қызыл тал отырғыздық. Қазір оларды отырғызу маусымы. Иваны жергілікті тұқымнан өзіміз өсірдік. Венгр бөртегүлі хош иіс беріп, қала сәнін келтіреді. Қала игілігі үшін жұмыс істейміз. Елорда тұрғындары мен қонақтарына ұнайды деген сенімдеміз. Егер әрқайсымыз кем дегенде бір ағаш отырғызсақ, қаламыз жасыл қалаға айналады»,- деді «Астана – ЗеленСтрой» ЖШС директорының орынбасары Бибігүл Бектімісова.
Қазіргі уақытта ағаш отырғызу жұмыстарымен коммуналдық қызметкерлер ғана айналысып жатыр. Карантин режимі аяқталған соң қаланы көгалдандыруға елорда тұрғындары мен қонақтары да қатыса алады. Биыл елордада 30 мың ағаш пен 6 млн-нан астам гүл отырғызылады.