• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Сәуір, 2020

Жамбыл: вирус жұқтырған азамат Атырауда вахталық негізде жұмыс істейді

217 рет
көрсетілді

Бүгін Жамбыл облысы бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырудың жаңа жағдайы анықталды. Тіркелген науқас 1987 жылы туған Жамбыл ауданының тұрғыны болып шықты.

Ол Атырау облысының Теңіз кентінде вахталық негізде жұмыс істейді. Белгіленген алгоритмге сәйкес, ол Жамбыл облысының аумағына келгеннен кейін карантиндік стационарға оқшауланған. Зертханалық талдау нәтижелері бойынша оған коронавирус індетінің диагнозы қойылды.

Бүгінгі, яғни 26 сәуірдегі жағдай бойынша Жамбыл облысының аумағында коронавирустық инфекцияның 104 жағдайы тіркеліп отыр. Оның ішінде Тараз қаласында 49, Байзақ ауданында 4, Жамбыл ауданында 4, Қордай ауданында 34, Меркі ауданында 2, Мойынқұм және Шу аудандарында бір-бір  жағдайдан анықталған. Сондай-ақ, «Дели-Тараз» рейсінен 6 оқиға, Теңіз вахталық кентінен келген жұмысшылар арасында 3 оқиға анықталған.

Өңірде қауіпті індетті жұқтырғандардың ішінен 42 адам емделіп, бүгінде дәрігерлердің бақылауындағы үй карантиніне шығарылған.

 

Жамбыл облысы