Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Дәурен Асқаровтың айтуынша, коммуналдық шығындарды өтеу карантин енгізілген елді мекендерде республикалық бюджет қаражаты есебінен сәуір және мамыр айларында жүзеге асырылады.
1 тұтынушыға берілетін жәрдемақы көлемі - 15 мың теңге. Бұл қаржы тұрғындардың электр, жылу, газ, су ақысын төлеуіне жұмсалады.
- Облыс бойынша әлеуметтік қолдаудың бұл түрі 50 449 тұрғынға көрсетіледі. Әлеуметтік төлемдердің жалпы сомасы 1,5 млрд теңге болады, - деді Д. Асқаров.
Төлемді алу үшін тұтынушы Колл-орталық арқылы АЖТ, ЖСН, әлеуметтік мәртебесі, жеке шот деректері мен байланыс телефоны көрсетілген өтінім беруі қажет.
Қостанай облысы