Иранның Йезд қаласындағы Шахид Садуги атындағы Медицина ғылымдары университетінің Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі орынбасары Махмұд Нұри коронавирус жұқтырған жаңа туған нәрестенің жазылғанын хабарлады. Бұл туралы IRNA ақпарат агенттігі жазды.
«Әмір Арсалан есімді нәрестенің қазіргі салмағы бір килограмм 200 грамм. Оған әр үш сағат сайын 15 миллилитр сүт береміз», - деді Махмұд Нұри.
Оның айтуынша, нәрестенің жазылуы - Шохада-Каргар ауруханасында жаңа туған нәрестелерді қарқынды емдеу бөлімшесінде жұмыс істетейтін медбикелер мен дәрігерлердің еңбегі мен күш-жігерінің нәтижесі.
Дәрігер Арсалан мен оның анасының сауығып кеткеніне қуанышты екенін жеткізді.
Иранда барлығы 90 481 адам вирус жұқтырды. Оның ішінде 5 710 науқас қайтыс болған, ал жазылып шыққандар саны 69 657.