• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Сәуір, 2020

Қарағанды облысы: COVID-19-дан 19 жастағы жігіт жазылды

259 рет
көрсетілді

Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы бір науқасқа ем қонып, ол оқшауландырылған ауруханадан жазылып шықты.

Бұл азамат атышулы Минск - Нұр-Сұлтан авиарейсінің 2001 жылы туған жолаушысы екен. Оған жеңіл дәрежедегі коронавирус инфекциясына шалдыққан деген диагноз қойылған болатын. Толық емдеу курсынан өтіп және екі мәрте алынған ПТР-талдау теріс нәтиже көрсеткен соң, пациент 14 күндік үй карантиніне шығарылды.

Бүгінгі күнде Қарағанды облысында «жаман тұмаудан» жазылғандардың  жалпы саны 37 адамға жетті. 

 

Қарағанды облысы