• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Сәуір, 2020

Тараз дүкендеріндегі азық-түлік бағаларына бақылау жүргізілді

448 рет
көрсетілді

Бүгінгідей елімізде төтенше жағдай енгізілген кезде, әсіресе әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру өте маңызды. Тараз қалалық әкімдігі қаладағы ірі және шағын сауда нүктелеріндегі баға тұрақтылығын үнемі қадағалап, назарда ұстап келеді. Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына, шекті бөлшек сауда бағаларына мемлекеттік бақылау жүргізу мақсатында жұмысшы тобы құрылған болатын.

Бүгін аталған жұмысшы тобы Тараз қаласының аумағында орналасқан 11 орта және шағын супермаркеттерді аралап, олардағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының шекті бөлшек бағаларының орындалуына қадағалау жүргізді. Олардың қатарында, қала аумағындағы «Корвет», «Умка», «AsMol», «Рауан», «Dostyk Market», «Orda», «Жұлдыз», «Okey», «Деменур», «Сабина» және «LUX» сияқты сауда нүктелері бар. Нәтижесінде, жұмысшы тобы аралап шыққан барлық дүкендерде тазартылған күріш, қарақұмық, тауық жұмыртқасы және күнбағыс майының бағаларының шекті бағадан асқан деректері анықталған.

Тараз қаласы әкімдігінің мәліметінше, қолданыстағы заңнамаларға сәйкес, министрліктердің бірлескен бұйрығымен белгіленген шекті бағалар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу барысында дүкен иелерінің келісімімен сол мезетте аталған тауар түрлерінің бағалары нормативтік-құқықтық актіге сәйкестендірілген.

 

Жамбыл облысы