Карантин кезінде әлеуметтік желілер мен мессенджерде бейне қоңыраулар мен тікелей эфирлерге сұраныс артқан. Facebook компаниясының мәліметінше, Messenger Rooms сервисіндегі қоңырауларға шектеу жоқ.
Күн сайын WhatsApp және Facebook Messenger функцияларының бейне қоңырауларын 700 мыңдай адам пайдаланады. Кейбір елдерде Messenger және WhatsApp пайдаланушылар екі есеге дейін өссе, наурыз айының өзінде Facebook Live мен Instagram Live пайдаланушыларының саны артқан.
Бейнечаттар арқылы байланысқа сұраныстың артуына байланысты Facebook Messenger Rooms сервисінің қолданысқа енгендігі жайында хабарлаған еді.