• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 26 Сәуір, 2020

Италия шекарасы жыл соңына дейін туристерге жабық

457 рет
көрсетілді

Италияның мәдениет және туризм министрі Дарио Франческини жылдың соңына дейін шетелдік туристерге шекара жабық деп мәлімдеді.

Шекаралардың ашылуы әр мемлекеттің эпидемиологиялық жағдайы мен саясатына байланысты екендігін жеткізген министр 4 мамырдан бастап елдегі бірқатар өнеркәсіп орындарының ашылатындығын жеткізді. Сонымен қатар Италияда коронавирусқа байланысты жабылған музейлер мен көрнекі жерлер мамырда ашылуы мүмкін. Сондай көрнекі жерлердің қатарында Колизей мен Помпеи бар.