Бүгін жұқпалы індет тағы 11 адамнан анықталды. Ауырғандардың оны Іле ауданынан, ал біреуі Еңбекшіқазақ ауданынан екен.
- Белгілі болғандай, Іле ауданында ауырғандардың барлығы да бұған дейін сырқаттанғандармен тығыз қарым-қатынаста болған. Еңбекшіқазақ ауданы тұрғынының сырқаты учаскелік дәрігерді үйге шақырып, тексерілгеннен кейін анықталған. Бұл жолы ауырған - 6 айлық бала. Сырқаттармен қарым-қатынаста болған 44 адам анықталды, олардың барлығы да оқшауланды, бірқатары үй карантиніне алынды, вирус шыққан үй ошақтары, науқастар тұратын баспаналарға дезинфекция жүргізілді. Эпидемиологиялық зерттеулер жүргізілуде, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Алматы облысы