• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 26 Сәуір, 2020

Аргентинада карантин 10 мамырға дейін ұзарды

137 рет
көрсетілді

Аргентинада COVID-19 карантинін 10 мамырға дейін ұзарту туралы шешім қабылданды.

Президент Альберто Фернандес әкімшілігінің баспасөз қызметі таратқан хабарға сүйенсек, 500 мыңнан астам халқы бар қалаларда карантиндік шаралар өзгеріссіз қалады. Бірақ кішігірім қалаларда шектеулерді жеңілдетуге болады. Белгілі бір қызмет түріне рұқсат беру туралы шешімді провинция әкімдері бірқатар талаптар негізінде қабылдайды.