• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
17 Қыркүйек, 2013

Бәсекеде басымдық болмауға тиіс

350 рет
көрсетілді

Мәжілісте кеше «Біртұтас экономикалық кеңістік елдерінің Бәсекелестік туралы модельдік заңы – ұлттық заңнамаларды үйлестірудің негізі ретінде» атты үкімет сағаты болып өтті. Депутаттар алдында Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Б.Қуандықов сөз сөйледі.

Б.Қуандықовтың мәліметі­не қарағанда, агенттік квази­мемлекеттік сектор субъек­ті­лері­нің одан әрі жүргізетін қыз­метіне 5 мыңнан астам өті­ніш­хаттарды қараған. 2013 жыл­дан бастап мемлекеттің қаты­суы­мен кәсіпорындар құру туралы мемлекеттік органдардың 37 өтініші қаралып, олардың үшеуінен бас тартылыпты.

Мәжілісте кеше «Біртұтас экономикалық кеңістік елдерінің Бәсекелестік туралы модельдік заңы – ұлттық заңнамаларды үйлестірудің негізі ретінде» атты үкімет сағаты болып өтті. Депутаттар алдында Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Б.Қуандықов сөз сөйледі.

Б.Қуандықовтың мәліметі­не қарағанда, агенттік квази­мемлекеттік сектор субъек­ті­лері­нің одан әрі жүргізетін қыз­метіне 5 мыңнан астам өті­ніш­хаттарды қараған. 2013 жыл­дан бастап мемлекеттің қаты­суы­мен кәсіпорындар құру туралы мемлекеттік органдардың 37 өтініші қаралып, олардың үшеуінен бас тартылыпты.Атап айтқанда, жүргізетін қызметіне бас тарту алған мемлекеттің қатысуымен кәсіпорындарды жекешелендіру немесе мемлекеттік мекеме етіп қайта құру және оларды бәсекелес ортаға беру қажеттілігіне қарамастан, мұның бәрі орындалмаған. Себептердің бірі ретінде мекеме басшысы мем­лекеттік кәсіпорындардан және 100 пайыздық мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалардан бір көзден сатып алу мүмкіндігін көздейтін «Мемлекеттік сатып­ алу туралы» Заңның нормалары, сондай-ақ, кәсіпкерлік субъек­ті­лері үшін аталған активтердің тартымсыздығы болып табылады дегенді алға тартты. Агенттік бұл проблемаларды болдырмау үшін қызметін одан әрі жүргізуге бас тартылған мемлекеттік кәсіпорындардың нарықта АҚ, ЖШС нысанында қалуына мүмкіндік беретін нормаларды алып тастауды ұсынып отыр.

Агенттік төрағасы БЭК шеңберінде монополияға қар­сы реттеудің нормативтік-құ­қықтық базасын қалып­тас­тыру ма­ңызды екендігіне ерекше тоқталды. Әсіресе, Бәсеке­лес­тік туралы модель­дік заңды қабылдау барысын атап кетті. Келісімге сәйкес, еліміздің «Бәсекелестік туралы» За­ңы­на түзетулер ен­гізілді. Со­ның бедерінде биылдан бастап 78 тергеу аяқталса, оның ішінде мем­лекеттік ор­гандарға қа­тыстысы – 27, ал нарық субъек­тілеріне қа­тыс­тысы­ 45 іс мәресіне жет­кізіл­ген. Монополияға қар­сы заң­наманы бұзғаны үшін бюд­жетке түсімдер сома­сы 181,8 млн. теңгені құ­ра­ған. Заңды қабылдау әлемнің үздік монополияға қарсы ведомостволарының қатарына кіру мүмкіндігін ашады. Бұдан басқа, кейіннен аталған заңның негізінде кодекс жасау жоспарланады, ол халықаралық шарт нысанында болады. Тосқауылдарды азайту бойынша жүргізілген жұмыс шеңберінде Б.Қуандықов ағымдағы жылы салалық мемлекеттік органдарға іске асыруға 18 ұсыныс жіберілгенін атап өтті. Барлық ұсыныстар тауар нарықтарында анықталған проблемаларды шешу бойынша шаралар болып табылады. Талдау қорытындылары цемент, авиациялық керосинді өткізу нарықтарында, Интернет желісіне қолжетімділік қызметінің бөлшек нарығында бәсекелестік жеткіліксіз дамығандығын көрсеткен.

Сондай-ақ, отырыста палатаның Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Сейітсұлтан Әйімбетов қосымша баяндама жасады. Комитет төрағасы Беларусь, Қазақстан және Ресей Біртұтас экономикалық кеңістігінің аумағы 20 млн. шаршы шақырым немесе бұл әлемдік құрлық жердің 15 пайызын қамтитындығын тілге тиек ете келіп, онда 170 млн.-нан астам адам тұратындығына назар аудартты. 2012 жылы Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің өзара сауда көлемі 68,5 млрд. АҚШ доллары болып, 2010 жылмен салыстырғанда 45,5 пайызға ұлғайған. Алайда, отандық кәсіпкерлердің Кеден одағы елдері нарығының субъектілерімен салыстырғанда тең жағдайда болмайтыны айтылмай қалмады. Мәселен, қабылданған бірыңғай техникалық регламентке сәйкес, қазақстандық кондитерлердің өнімдері мемлекеттік және орыс тілдерінде маркалануға тиіс. Отандық өндірушілер осы талапты орындап жүргенімен, ресейлік кәмпиттер қазақ тілінде маркаланбайтыны белгілі болып отыр. Депутаттың пайымынша, осының бәрі отандық кәсіпкерлердің құқықтарын қысымға ұшыратады, соның салдарынан Кеден одағының негізге алынған қағидаттары мен мақсаттары бұрмаланып, дұрыс түсінбеушілікке әкеліп соғады.

Үкімет сағаты барысында қазақстандық кәсіпке рлікті мемлекеттік қолдау, кеден­дік-тарифтік реттеу шараларын жетілдіріп, ішкі нарықты қорғау тетіктерін дамыту қажеттігі депутаттар тарапынан өткір қойылды. Артынан отырысты вице-спикер Сер­гей Дьяченко қысқаша сөз сөйлеп қорытқаннан кейін, тиісті ұсынымдар қа­былданды.

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар