Шетелге астық жеткізуге тарифтік емес квоталарды іріктеуден кейін Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен тыс тасымалданатын Ресейдің бидай, қара бидай, (бидай мен қара бидай қоспасы), арпа және жүгері экспортына 1 шілдеге дейін шектеу қойылды.
Шектеу астық бағасын тұрақтандыруға, мемлекеттің астық және өңделген өнімдерге ішкі қажеттілігін қамтамасыз етуге ықпал етеді. Министрліктің мәліметінше, шектеулер елдегі мемлекеттік бағдарламаларға және ауылшаруашылық өнімдерін экспорттау көрсеткішіне әсер етпейді.
31 наурызда үкімет Ресейден бірқатар дақылдарды экспорттауға квоталар енгізу туралы қаулы қабылдаған болатын. Квота көлемі - 7 миллион тонна. Бұған дейін, 17 сәуірде Ресей Ауыл шаруашылығы министрлігі астық квотасы мамыр айының ортасында аяқталады деп болжаған-ды. 12 сәуір мен 30 маусым аралығында ЕАЭО-да бірқатар азық-түлік өнімдерін экспорттауға тыйым салу басталғаны белгілі. Астық квотасынан басқа, сәуірде Министрлер Кабинеті 2020 және 2021 жылдары астыққа интервенция жасауға рұқсат берді. Мемлекеттің араласуы аясында Ауыл шаруашылығы министрлігі ішкі нарыққа 1,5 млн тоннаға дейін астық жіберуді жоспарлап отыр.