Ресейдің Есеп палатасының басшысы Алексей Кудрин аймақтағы экономиканың жеті-сегіз пайызға дейін төмендеуімен байланысты болжамдарын жария етті.
А.Кудриннің болжамы бойынша, жалпы ішкі өнімнің төмендеу деңгейі алты-сегіз пайызға жетуі ықтимал, ал Халықаралық валюта қорының мәліметінше, бұл көркеткіш бес пайыздан төмен түсуі мүмкін. Есеп палатасының басшысы елдің дүние жүзімен өте тығыз байланыста екенін атап өтіп, қазіргі жағдайда 2008 жылғы дағдарысты еске алмаудың қисынсыз екендігін атап өтті. Өйткені, дағдарыстың көптеген салаларға ықпалы болмай қоймады.
Оның айтуынша, Халықаралық еңбек ұйымының дерегі бойынша, қазіргі кезде Ресейдегі жұмыссыздар 4,5 пайызды құрап отыр. Ал болжалды көрсеткіш 7-8, тіптен 10 пайызға баруы мүмкін. Осылайша елдегі жұмыссыздар саны 6-9 миллионға жетеді. Сондықтан да Ұлттық әл-ауқат қорын үш жылға дейін созу қажет. Дағдарыс күшейген кезеңде оның жартысы жұмсалатын болады.