• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
17 Қыркүйек, 2013

Көңіл айту жеделхатын жолдады

250 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев белгілі жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Дүкенбай Досжанның қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Жеделхатта Д.Досжанның табиғи дарынымен жастай көрініп, әдебиет майданында тынбастан, өнімді еңбек етіп келгені атап өтілген.

«Оның қаламынан туған әңгімелер мен хикаяттар, романдар оқырмандарын тілінің шұрайлылығымен, ұлттық бояуының қанықтығымен баурайтын», – делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысы жазушының еңбегі әр жылдары әдебиет саласындағы жоғары мәртебелі сыйлықтармен және мемлекеттік наградалармен марапатталғанын да атап көрсеткен.

Нұрсұлтан Назарбаев қаламгердің үздік шығармалары әрдайым халқымызбен бірге жасай беретінін атап өткен.

Соңғы жаңалықтар