Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров Италия Республикасы Парламенті Сенатының бір топ депутаттарымен кездесті.
Кездесу барысында құқық қорғау тақырыптамасымен, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласындағы заң шығарушылық үдерісінің дамуымен байланысты мәселелер кешенінің кең ауқымы талқыланды.
Италиялық парламентарийлер елдегі адам құқықтарымен байланысты қалыптасқан ахуалмен, қазақстандық омбудсмен мекемесі қызметінің негізгі бағыттарымен танысты.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасында кодекстердің жаңаша әзірленген редакциялары шеңберінде қылмыстық, қылмыстық-іс жүргізу мен қылмыстық-атқару заңнамасын ізгілендіру мәселелері қозғалды. Олар жоғарыда аталған құқық салаларындағы нормаларды регламенттейтін болады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар халықаралық құқық қорғау стандарттарын іске асыру саласындағы өзара әрекеттесудің маңыздылығын атап өтті.
«Егемен-ақпарат».