• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Сәуір, 2020

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемсараптама саласындағы шараларды талқылады

270 рет
көрсетілді

Осы жылдың 24 сәуірінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Мемсараптама» РМК-нің Батыс өңірі бойынша филиалының лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс аясында қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнінде жолданған ұсынымда көрсетілген мәсәлелер бойынша «Мемсараптама» РМК басшылары мен оның өңірлік филиалдарының қатысуымен онлайн режімде жиналыс өткізді.

Агенттіктің 1-департаменті басшысының орынбасары Бауыржан Балғабеков өз сөзінде «Мемсараптама» басшылары мен сарапшыларының әлеуметтік маңызды және жауапты қызмет атқарып отырғанын атап өтті.

«Мемсараптама» басшылары мен сарапшылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоғары қорғанысы бар адалдықтың, парасаттылық пен сатылмаушылықтың үлгісі болуы тиіс.

Сонымен қатар, 1-департаменттің тергеу басқармасының басшысы Данияр Ақуан өз баяндамасында, 2019 жылдан агенттіктің өндірісінде «Ақтау қаласының құрылыс бөлімі» ММ және «Мемсараптама» РМК Батыс өңірі бойынша филиалының лауазымды тұлғаларына қатысты лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану фактісі бойынша қылмыстық іс болғанын атап өтті.

Тергеу барысында, 2017 жылдың қыркүйек айында «Мемсараптама» РМК Батыс өңірі бойынша филиалының лауазымды тұлғалары жобалық сметалық құжатқа оң қорытынды шығару барысында қателіктер жіберу салдарынан Ақтау қаласындағы кәріздік коллектор құрылыс жұмыстарына жұмсалатын материал шығынының жобамен 500 млн теңгеге артуына жол бергені анықталған. Бұл жобаның 2019 жылы іске қосылғанын айта кеткен жөн.

Тергеумен Қылмыстық-процестік кодекстің 200 бабының талаптарына сәйкес ұсыным жолданып, нәтижесінде жобалық сметалық құжаттың шығынды азайту бөлігінде түзетулер енгізілді. Осылайша, жарты миллиард теңге көлемінде бюджет қаражатының негізсіз аударылуына жол берілмеді.

Осыған орай, елеулі зиян келмегендіктен, қылмыстық құқық бұзушылық құрамының белгілері болмауына байланысты қылмыстық іс тоқтатылды.

Оң қорытынды шығарған «Мемсараптама» РМК Батыс өңірі бойынша филиалының басшысы мен сарапшысы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар агенттікпен жобалық сметалық құжатқа ведомствадан тыс сараптама жүргізу кезінде заң бұзушылыққа жол бермеу мақсатында заң бөліміндегі комплаенс секторын «Мемсараптама» РМК-нің жеке құрылымдық бөлімшесіне бөлу туралы ұсыныс жасалды.   

Аталған ұсыныс мекеме басшылығымен таяуда қаралатын болады.