• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Экономика 17 Қыркүйек, 2013

Астанада тұрғын үй қымбаттады

290 рет
көрсетілді

Елорда бұл жөнінен Алматыны басып озды

Астанада соңғы бір айдың ішін­де пәтердің бағасы екі пайызға жуық (1,61 %) қымбаттаған болса, Ал­ма­тыда бұл көрсеткіш бір пайыз дерлік (0,64 %) қалыпты ұстады. Бұл туралы «КазРиэлтНедвижимость» порталына сілтеме жасаған Tengrinews.kz хабарлады.

Елорда бұл жөнінен Алматыны басып озды

Астанада соңғы бір айдың ішін­де пәтердің бағасы екі пайызға жуық (1,61 %) қымбаттаған болса, Ал­ма­тыда бұл көрсеткіш бір пайыз дерлік (0,64 %) қалыпты ұстады. Бұл туралы «КазРиэлтНедвижимость» порталына сілтеме жасаған Tengrinews.kz хабарлады.

Осымен бір мезгілде Астанада пә­тердің орта құны қыркүйек айында шаршы метріне 303,6 теңгені (1,9 мың доллар) құрағаны белгілі болды. Елордадағы жылжымайтын мүліктің қайталама рыногындағы пәтердің бағасы шаршы метріне 1,93 пайыздан 307 теңгеге (екі мың доллардан аса) дейін өсті. Жаңа үйлердегі пәтерлер ай ішінде шаршы метріне 0,7 пайыздан 287,1 мың теңгеге дейін көтерілді.

Порталдың мәліметтері бойын­ша, жеке тұрғын үйлер әдепкі баға­ларына 4,09 пайыздық өсім қосты. Бұл орташа бағаның 66,1 млн. тең­ге (432,3 мың доллар) болғанын біл­діреді. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімі, бау-бақшалық жер және ауыл шаруашылығы алқабы ай көлемінде әр сотығына 4,3 пайыздан 1,4 млн. теңгеге дейін өсті.

Бұл аралықта Астанадағы бір жә­не екі бөлмелі пәтерлерді айына орта есеппен тиісінше 87,9 мың жә­не 122,9 мың теңгеге (575 және 803 доллар) жалға алуға болатын еді. Бірінші жағдайда ай ішіндегі жалдық ставка 0,87 пайызға өссе, екіншісінде 0,23 пайызға көтерілген.

Өз кезегінде Алматыда қыркүйек айында пәтерлердің орта бағасы шаршы метріне 300,9 мың теңгені (1,9 мың доллар) құрады. Қайталама рыноктағы тұрғынжай бұл қалада ай ішінде 0,29 пайыздан 297,5 мыңға (1,9 мың доллар) дейін қымбаттады. Жылжымайтын мүліктің бірінші рыногындағы пәтерлер (жаңадан са­лынған үйлерде) ай көлемінде шаршы метріне 3,27 пайыздан 348,9 мың теңгеге (2,28 мың доллар) көтерілген.

Бұдан басқа, Алматыда жеке тұрғын үйлердің бір нысаны 1,45 пай­ыз­дан 49,7 млн. теңгеге (325,1 мың доллар) жетті. Жеке құрылыс са­лу үшін керекті жер телімі, бау-бақшалық учаске мен ауыл ша­руа­шылығы танабы сотығына 0,22 пайыздан 1,5 млн. теңгеге (9,6 мың доллар) дейін барды.

Бір және екі бөлмелі пәтерлер бұл қалада айына тиісінше 75,1 және 98,4 мың теңгеге (491 және 643 доллар) жалға берілді. Бірінші жағдайда жалдық құнның өсімі 0,8 пайызды құраса, екіншісінде 0,2 пайызға тең болды.

Мұрат АЙТҚОЖА.

Соңғы жаңалықтар