Әлбетте Шығыс Қазақстан десеңіз көз алдыңызға қылқан жапырақты орманы бар көкке бойын түзеген Өр Алтайы етпеттеп жатқан Тарбағатайы, көз жанарларындай жаудыраған Зайсаны мен Алакөлі, Қалба мен Дегелеңі елестейді. Осынау ұшқан сұңқардың қанаты талатын, шапқан тұлпардың белін алатын әсем табиғат «Мені көр, мені аяла» деп тұрғандай!
Шырайлы Шығысқа шетелдерден қонақтар келсе апарып көрсететін, демалдыратын орын таппай жатады «Қолда бар алтынның қадірі жоқ» деген, әйтпесе ШҚО- ға саяхаттап келген жұртқа ұялмай көрсете алатын табиғат қойнаулары жетіп артылады.
Әлбетте Шығыс Қазақстан десеңіз көз алдыңызға қылқан жапырақты орманы бар көкке бойын түзеген Өр Алтайы етпеттеп жатқан Тарбағатайы, көз жанарларындай жаудыраған Зайсаны мен Алакөлі, Қалба мен Дегелеңі елестейді. Осынау ұшқан сұңқардың қанаты талатын, шапқан тұлпардың белін алатын әсем табиғат «Мені көр, мені аяла» деп тұрғандай!
Шырайлы Шығысқа шетелдерден қонақтар келсе апарып көрсететін, демалдыратын орын таппай жатады «Қолда бар алтынның қадірі жоқ» деген, әйтпесе ШҚО- ға саяхаттап келген жұртқа ұялмай көрсете алатын табиғат қойнаулары жетіп артылады.Бірақ, оны ұқсатып, қаржы көзіне айналдырып отырған туризм басқармасы жоқ. Облыстық әкімдіктің қырсыздығы етектен тартып, туризм екі аяғынан да ақсап тұр. Мәселен, Семей өңіріндегі ұлы Абай, Мұхтар, Шәкәрім туған, оқыған, өскен жерлерде қазірдің өзінде кешенді мәдени орындар баршылық.
Облыс әкімдігі Семей өңіріндегі осы дап-дайын туристік маршрутты әрі қарай жетілдіріп, халықаралық туризм дәрежесіне жеткізу орнына Алтайдың төріндегі Белуха шыңы, Катонқарағайдағы пантокринмен емдеу орындары, қияндағы Рахманов қайнарлары, Көгілдір бұғаздағы инфрақұрылымды дамытуға пейіл танытып отыруы нені меңзейді? Сонда Өскемендегі ат төбеліндей шенеуніктердің жазғы демалысын өткізу жайы мемлекеттік мәселелерден жоғары тұрғаны ма? Оның мысалын алыстан іздемей ақ Б.Сапарбаевтың 2010-2013 жылдары халық алдында берген есептерінен де анық байқай аламыз. Онда осыдан екі жыл бұрын қабылданған бағдарламаның орындалуы туралы ақпарат құпия күйінде қалды. Ал, былтырғы көрсеткіштерде туристік қызметтердің көлемі он екі пайызға ұлғайып, екі жарым млрд. теңгенің қызметі көрсетілген, сөйтіп облыс әкімдігі айды аспаннан бірақ шығарып отыр. Бәрекелді дейік десек, өтіріктің ауылы төбе көрсетіп тұрғанын несіне жасырамыз...
Сөз жоқ, аспанмен таласқан Алтай сұлулығын тілмен жеткізу қиын. Онда да біртіндеп демалыс аймақтарын салу қажет. Осы Алтайдан бастауын алған Күршім, Катун, Үлбі, Ұба, Бұқтырма, Қара Ертіс, т.б. көптеген тау өзендерінің алқаптары қандай ғажап! Бұқтырма мен Қара Ертіс Алтай тау сілемдерінен жөңкіле құлап етектегі Зайсанға кеп қосылғанда ғажап үлкен дарияға айналып Солтүстіктегі мұзды мұхитқа асығады. Мыңдаған жылдар бойына осы көрініс қайталанып жатса да Табиғат-ананың аялы алақанына әркім де ынтызар. Суы тұщы, әсем де мөлдір Зайсан. Ұзындығы 100 шақырымдай, ені 30 шақырымға жетеді, ал жалпы ауданы 1800 шаршы километр. Көлге Тарбағатайдан кіші өзендер, Алтайдан Қара Ертіс, Қалбадан Көкпекті өзендері құяды. Көлден сазан, бекіре, аққайран, шортан, т.б. балық түрлері ауланады. Осы Зайсан көлін әсіресе, жазғы кезде демалысқа қалай пайдаланып жүрміз? Бұл орайда не облыстық әкімдіктің, не Күршім, Зайсан, Тарбағатай, Көкпекті аудандарының нақты жобалары жоқ. Тек, Тарбағатайда Айбек Кәрімов деген азамат әкім болып тұрғанда шағын демалыс орнын ашқызып еді, ол әкім ауысып кеткенде демалыс орны жабылып қалды. Облыста көлдің айналасын көріктендіргеннен гөрі нарыққа бейімделіп көл байлығы балығын ысырапсыз аулауға жол берілген. Зайсаннан жыл сайын қанша тонна балық ауланады, оның ішінде браконьерлер үлесі қандай, бұл туралы ешқандай ақпарат жоқ. Ал, Өскемен мен Семейге базарларға барсаңыз Зайсан балығы сөрелерде сіресіп тұр. Балық аулау жайы осылай кете берсе болашақ ұрпақтарымыз Зайсан түбінен балдырлар ғана ала ма?Шілікті мен Үржарда табылған археологиялық жаңалықтарымыз көпшіліктің көзайымына қашан айналады? Ақсуат, Тарбағатай, Көкпекті, Зайсан, Күршім, Марқакөл өңірлерінде де саяхатшылар мен туристерге көрсететін жәдігерлер және мәдениет ескерткіштері баршылық емес пе, мұндай орындар реестр