Елімізде төтенше жағдай жариялануы және карантин енгiзілуіне байланысты мемлекеттен қолдау шараларымен қатар, барлық жерде қайырымдылық шаралары өткiзiлуде.
Қайырымдылық iстi кәсiпкерлер мен мейiрiмi мол жомарт жүрек азаматтар да көрсетуде. Мұндай игi әрi сауапты амалдан Ақкөл ауданының кәсiпкерлерi да шет қалмауда. Атап айтсақ, «Камила» ЖШС-нiң басшысы Г.Кривицкий 2 миллион теңгеге 180 азық-түлiк жиынтығын әзiрледi. Жиынтық құрамына, бір отбасына есептегенде, бiр қап ұн, 2 литр өсiмдiк майы, жарма, бұршақ және макарон өнiмдерi кiредi.
Игi шараға «Үш Бұлақ-2005» ЖШС құс фабрикасының басшылығы да қатысып, ауданның мұқтаж тұрғындары үшiн 324 мың теңге сомасын құрайтын 10800 дана жұмыртқа үлестiрдi.
Жуырда жомарт жандар ауданның 158 отбасына көмек көрсеттi. Мұның iшiнде Ақкөл қаласында 63 отбасы көмек алса, 95 азық-түлiк жиынтығы ауылдық округтерге жiберiлдi.
Ақмола облысы