Ресей елі Қарулы күшінің сапында борышын өтеп жүрген 874 әскери қызметкерден коронавирус індеті анықталды деп хабарлайды RIA Novosti ақпарат агенттігі.
Қазіргі таңда дерт жұқтырғандар жүйелі түрде ем қабылдап жатыр. Бұл індетке тап болған әскерилердің 314-і Қорғаныс министрлігіне қарасты ауруханадарға жатқызылса, 175 солдат әскери бөлімдердегі емдеу-сауықтыру орталықтарына орналастырылған.
Бұлардан басқа Қорғаныс министрлігіне қарасты жоғары оқу орындарының 779 курсанты мен 192 оқытушы коронавирус жұқтырған көрінеді.