• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
17 Қыркүйек, 2013

Аймақтар жәрмеңкесі басталды

283 рет
көрсетілді

Жылдағы дәстүр бойынша елорда жұртшылығын қолжетімді бағада ауылшаруашылық тауарларымен қамта­масыз ету үшін еліміз өңірлерінің жәрмеңкесі бас­талды. Шараның алғашқы легін Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының тауар өндірушілері бастады. Аталған шараның ашылуына Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков қатысты.

Жылдағы дәстүр бойынша елорда жұртшылығын қолжетімді бағада ауылшаруашылық тауарларымен қамта­масыз ету үшін еліміз өңірлерінің жәрмеңкесі бас­талды. Шараның алғашқы легін Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының тауар өндірушілері бастады. Аталған шараның ашылуына Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков қатысты.

Алдымен Алматы облысына келсек, жәрмеңкеге аймақтың 19 ауданы, қалаларының ауылшаруашылық тауар өндірушілері келді.Бұл жәр­меңкеде азық-түліктің 56 түрі Аста­­на базарларындағы баға­дан 15-40 пайыз ара­лығында төмен бағада саудаланды. Сон­дай-ақ, жалпы құны 136 миллион теңге болатын 443 тонна ауылшаруашылық тауарлары сатылды.

Жәрмеңкемен қатар, осы күні жетісу­лықтар алаңда этноқалашық орнатып, онда көркемөнер және халықтың қолданбалы өнері көрмесі ұйымдастырылды. Көр­меде Жеңіс Ысқабайдың фото­суреттері, Құрманғазы Қады­ров­тың тері, сүйек, ағаш ара­лас­тырып жасаған суреттері, Татья­на Полщенко мен Дари­ғаАманқосованың картиналары астаналықтарға ұсынылды. Сонымен қатар, Еңбекшіқазақ ауданындағы Ұста Дәркембай атындағы қолөнер музейі мен Талдықорғандағы М.Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану музе­йінің бірқатар экспонаттары да этноқалашықтан орын тепті. Ұлттық саятшылық өнерді насихаттайтын облыстағы «Жеті қазына» құсбегілер мұражайының жәдігерлері де көпшіліктің наза­рын аударды. Жәрмеңкеге келу­ші­лер жетісулық «Құлансаз» фольк­­лорлық-этнографиялық ан­сам­­­блінің концертін тамашалады.

Шығыс Қазақстан облысы­нан жәрмең­­кеге Глубокое, Бо­родулиха және Көкпекті аудан­дарының тауар өндіру­ші­лері келді. Олар қала тұр­ғын­да­рына 27 тонна бал, 500 кг сүт және шұжық өнімдері мен 3,5 тонна сұ­йық май, 2 тонна жар­ма, 10 тонна картоп және 7 тон­на көкөніс-бақша өнімдерін ұсынды.

Жәрмеңке қаланың орталық алаңында апта сайын демалыс күндері 3 қарашаға дейін жалғаспақ. Оған дейін Астанаға елі­­­міздің барлық аймақтары өз өнім­дерін ұсынады деп жоспар­лан­ған.

Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар