• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Сәуір, 2020

ШОБ қолдау көрсетілмейінше 361 кәсіпорынның тізімі қарастырылмайды

196 рет
көрсетілді

Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысында Қазақстандағы кәсіпорындарды мемлекеттік қолдау шаралары қаралғаны белгілі. Осы орайда Ұлттық экономика министрлігі жүйе құрушы кәсіпорындардың тиісті тізімінің жобасын таныстырып, онда құрылыс, көлік, энергетика, сауда, жылжымайтын мүлікті жалға алу, тау-кен өндірісі және өңдеу өнеркәсібі салаларындағы 361 кәсіпорын енгізілгендігін хабарлағани болатын.

«Атамекен» ҰКП өткен онлайн эфирде мемлекет тарапынан неліктен осы кәсіпорындардың тіркелгені туралы «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасы А.Мырзахметовке сұрақ қойылып,  қоғамның назаразылығын туғызған 361 кәсіпорынға қатысты тиісті ведомство нақты жауап беру керектігі айтылды.

«Бұл тізім мекеменің ішкі жұмысына қатысты. Бұл Үкіметтің шешімі емес, министрлік тарапынан бекітілмеген. Бұл сарапшылардың компьютерінен шыққан тізім. Оған «Атамекен» ҰКП қатысы жоқ. Кәсіпкерлер палатасы тек анкета толтыру жағына қол ұшын бергені рас. Шағын және орта кәсіптегі кәсіпорындарға көмектеспей, ірі кәсіпорындарды қолдау мүмкін емес» деп атап өтті А.Мырзахметов. Оның айтуынша,  елдегі қарапайым халықтың және әлі де аяғынан тұрмаған шағын және орта бизнестің жағдайын қарастырмай, бұл үлкен тізімге қолдау көрсету мүмкін емес. Төтенше жағдай жарияланған кезде шағын кәсіпкерлерге, фермерлерге түскен салмақтың қандай екені белгілі болды. Сондықтан да бұл мәселе түпкілікті қаралатын болады.