• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
18 Қыркүйек, 2013

Ұлттық ажар ұмыт қалмаса екен

292 рет
көрсетілді

Үстіміздегі жылдың 18 ақпаны мен 18 шілдесі арасында ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі кешені мен оның символы болатын нышанға конкурс жарияланған болатын. Оған 20 елден 50 сәулетші өз жұмыстарын ұсынғанын және олардың біразымен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі 13 тамызда арнайы танысқанын бұдан бұрын хабарлағанбыз. Одан кейін Елбасы таңдалып алынған эскиз-идеялармен де 4 қыркүйекте танысып, олардың «жасыл экономиканы» дамыту жөніндегі тұжырымдамаларының сарабын қарап шықты.

Эскиз-жобаларын ұсынғандар арасында аттарынан ат үркетін, дүйім әлемге танымал сәулетшілер де болды. Солардың ішінде, Қазақстан Республикасы Гербінің авторы, елімізге еңбек сіңірген сәулетші Жандарбек Мәлібеков те бәйгеге ат қосқан еді. «Баласы атқа шапса, үйде отырып тақымын қысатын» қазақ емеспіз бе, осынау дүбірлі додаға үн қатпай қалу айтулы маманға әбестік секілді көрінген болуы керек, ол да көз майын тауысып, өз еңбегін даярлаған екен. Оның жобасын жасауға кеңесші ретінде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов бастаған тарих, этнография, филология ғылымдарының білікті мамандары, ғалымдар және осы университеттің ойшыл, жаңашыл бастамалармен көрінуге ұмтылып жүрген талапты студенттері көмекші ретінде қатысқан.

Үстіміздегі жылдың 18 ақпаны мен 18 шілдесі арасында ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі кешені мен оның символы болатын нышанға конкурс жарияланған болатын. Оған 20 елден 50 сәулетші өз жұмыстарын ұсынғанын және олардың біразымен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі 13 тамызда арнайы танысқанын бұдан бұрын хабарлағанбыз. Одан кейін Елбасы таңдалып алынған эскиз-идеялармен де 4 қыркүйекте танысып, олардың «жасыл экономиканы» дамыту жөніндегі тұжырымдамаларының сарабын қарап шықты.

Эскиз-жобаларын ұсынғандар арасында аттарынан ат үркетін, дүйім әлемге танымал сәулетшілер де болды. Солардың ішінде, Қазақстан Республикасы Гербінің авторы, елімізге еңбек сіңірген сәулетші Жандарбек Мәлібеков те бәйгеге ат қосқан еді. «Баласы атқа шапса, үйде отырып тақымын қысатын» қазақ емеспіз бе, осынау дүбірлі додаға үн қатпай қалу айтулы маманға әбестік секілді көрінген болуы керек, ол да көз майын тауысып, өз еңбегін даярлаған екен. Оның жобасын жасауға кеңесші ретінде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов бастаған тарих, этнография, филология ғылымдарының білікті мамандары, ғалымдар және осы университеттің ойшыл, жаңашыл бастамалармен көрінуге ұмтылып жүрген талапты студенттері көмекші ретінде қатысқан. Сондықтан бұл жобаны «Еуразиялық университет жобасы» деп шартты түрде атасақ болады. Осы еңбек туралы конкурс қызу жүріп жатқан кезде біз жаза алмадық, өйткені, бір еңбекті мадақтау әділ сараптың талабына нұқсан болар еді. Мұның аты халықаралық тілде «лобби жасағандық» деп аталады. Ал қазір, автордың еңбегі айтулы онның қатарына өтпеген болса да не айтқысы келгенін халық­қа жеткізуге әбден болады деп ойлаймыз.

«Біздің жобаның басты мақ­саты – бүкіләлемдік доданы елі­міздің төріне әкеліп өткізіп жатқанда оның өне бойында қа­зақтың ұлттық нақыштарының ұмыт қалмауын ескерту еді. Әрине, өзгелерден бөлектенуді қалап отырған жоқпыз, керісінше, әлемнің озық архитектуралық үлгі­леріне өзіміздің ұлттық на­қыш­тарды үйлестіруді көздеп отыр­ғанымызды ескерте кеткім ке­­­леді», дейді жоба авторының өзі.

Одан әрі сәулетші өздері жа­саған бас жоспардың жобасымен таныстырды. Біз көрме өткізу үшін «Назарбаев Университетінің» қарсысынан бөлінген 174 гектар жерді түгел қамтыдық. Онда тұр­ғызылуға тиісті барлық пави­ль­ондар, қонақүй кешендері, ақ­па­раттық орталық, бизнес индус­трия орталығы, орталық субұрқақ, та­қы­рыптық павильондар және т.б. бәрі, тіпті, паркингтерге дейін әлем­дік архитектураға ұлттық на­­қыш үйлестірілген үлгіде жасалып, қазақша аталуын жобамыз қамтамасыз етті. Осы арада біз Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың мақсаты ЭКСПО-ға жаңа өң беріп, оның еуразиялық тынысының ашылуын көздеп отыр деген идеяны басшылыққа алдық. Сондықтан, жеке-жеке, бөлек тұрғызылатын нысандарды қарастырмай, көрменің жалпы еуразиялық өңде, оның ішінде қазақтың ұлттық келбетімен үйлесім табуын қарастырған едік, дей келіп Ж.Мәлібеков ЭКСПО-ның басталуынан, оның жұ­мы­сының жүруі кезінде ұлттық на­қыштағы архите ктураның қалай көрініс табатынын толық айтып берді. Мәселен, әуежайдан түскен қонақтар жедел трамваймен ЭКСПО-ға келіп, алдымен «Күлтегін» атты аллеяға түседі. Осы жерде қазақтың ежелгі тарихынан хабар беретін мүсіндік композицияларды көретін болады. Ал көрменің орталық ғимараты «Нұр ғалам» деп аталған. Қонақтар «Күлтегін» аллеясы арқылы осы басты ғимаратқа қарсы жүреді. Аллея біткен жерде адамдар эска­­латормен төменге түсіп, «Са­рыарқа», «Астана» галерея­сын көреді. Оның екі жағында қа­зақ даласының тарихи орында­ры, оқиғалары көрініс табады. Соның ішінде «Оқжетпес», «Қарқаралы», «Баянауыл», т.б. жер, су, тарихи оқиғалар, тұл­ға­лар бәрі қамтылған, деп өз жо­ба­­ларының өзгешеліктерін ұзақ әңгімеледі.

Сондай-ақ, Еуразия уни­вер­си­­тетінің жобасында қо­нақүй ке­шен­дері «Қобыз», «Дом­бы­ра», «Жайлау», «Асық» және т.б. тү­рінде аталып, олардың эле­мент­­тері ғимаратта да көрініс таба­тынын көрдік. «Алтыбақан» атты шоу, «Ақсарай» атты мәде­ни орта­­лықтар да жұмыс істейтін көрінеді. Кіреберіс қақ­па «Ерулік», аспалы көпір «Жұм­бақтас», сауда ор­талығы «Омыртқа», мегаорталық «Жам­бы», тұрғын үйлер «Әсем-ай», т.б. аталатын болып­ты. Бар­лық құрылыстардағы жарық, жылу қуаты көрменің баламалы қуат көздерін қолдану мақсатына сәйкес күннен алынатындай етіп жасал­мақшы болған. ЭКСПО аяқ­тал­ған соң барлық ғимараттарды да тұрғын үй, жатахана, қонақүй түрінде қолдануға болады екен.

Еуразия Ұлттық универ­си­тетінің жо­басындағы тапқырлығы айрықша, әсемдігі ерен, ерекше нысан – ЭКСПО-2017 символы десек ар­тық айтқандық емес. Ол «Нұр­ас­пан» мұнарасы деп аталады екен. Биіктігі бұрын біздің елде болмаған – 560 метрдей бола­тын мұнара биік, өр рухты еркін­діктің нышаны. Ол қазақ хал­қының кеңпейіл дәстүрін, терең тарихын айтумен қатар Қазақ­станның мызғымас бірлігі мен серпінді дамуын барша әлемге паш етіп тұрғандай. Мұнараның төменгі жағында қазақтың қошқар мүйізімен өрнектелген төрт сфинкс төрттабандап, төрт құ­бы­лаға тең қарап, мызғымай, мығым отыр. Бұл Қазақстан ірге­тасының беріктігінің символы. Жоғары жағында жел мен күн қуатын қолдануға арналған жаңа технологиялық қондырғылар теле­коммуникациялық ақпарат, метео­рология, аэронавигация қызмет­терін атқарады.

Мұнара дюралюминийден жасалып, берік бекітіледі. Оның әсем бейнесі ЭКСПО-ға қаты­­су­шы­­ларды ғана емес, әлемнің бар­лық бұры­шындағы сәулет өне­рін баға­лаушыларды, жаңаны, жаңа­лықты көргісі келетін барша қа­уымды қызықтырары сөзсіз болатын.

Алайда, «жүзден жүйрік, мың­нан тұлпар» озады емес пе, Ж.Мә­лібековтің жобасы таң­дау­лы­лар қатарына енбей қалды. Де­генмен, оның кейбір идеялары же­ңімпаз жобаның бойынан табылар деген үміттеміз.

Жақсыбай САМРАТ,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар