• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
18 Қыркүйек, 2013

Жұрт қалам ұстаған қауымнан қайраткерлік күтеді

350 рет
көрсетілді

Алаш арысы Ахмет Байтұрсынов баспасөз туралы «Әуелі, газет – халықтың көзі, құлағы Һәм тілі... Газет – халықтың дауысы. «Жұртым» деп халықтың арын арлап, зарын зарлап, намысын жоқтайтын азаматтары газет арқылы халықтың сөзін сөйлеп, пайдасын қорғап, зарарына қарсы тұрып, қарғаға көзін шоқытпасқа тырысады» деп пайымдаған екен.

Бүгінде газет-журналдар көп болғанмен, олардың арасында көпшілікке етене жақын танылып қалған басылымдар да баршылық. Солардың бірі, жарыққа шыққанына 3-ақ жыл болса да өз оқырманын таба білген «Халық сөзі» газеті. «Халық сөзі» республи­­ка­лық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Қуат ӘУЕСБАЙДЫ әңгімеге тартқан едік.

 Алаш арысы Ахмет Байтұрсынов баспасөз туралы «Әуелі, газет – халықтың көзі, құлағы Һәм тілі... Газет – халықтың дауысы. «Жұртым» деп халықтың арын арлап, зарын зарлап, намысын жоқтайтын азаматтары газет арқылы халықтың сөзін сөйлеп, пайдасын қорғап, зарарына қарсы тұрып, қарғаға көзін шоқытпасқа тырысады» деп пайымдаған екен.

Бүгінде газет-журналдар көп болғанмен, олардың арасында көпшілікке етене жақын танылып қалған басылымдар да баршылық. Солардың бірі, жарыққа шыққанына 3-ақ жыл болса да өз оқырманын таба білген «Халық сөзі» газеті. «Халық сөзі» республи­­ка­лық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Қуат ӘУЕСБАЙДЫ әңгімеге тартқан едік.

– Қуат, өзің жетекшілік ететін республикалық «Халық сөзі» газетіне биыл 3 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде ба­сы­лым бетінде жарияланған ма­те­риал­­­­дарды топтастырып кітап шы­­ғарған екенсіңдер. Әң­гімемізді осыдан бастасақ.

– Үш жылда «Халық сөзі» газетінің 300-ге жуық саны жарық көріп үлгерді. Болдық-толдық деуден аулақпыз, тек алды-артымызға көз тастап, өткен-кеткенді ой еле­гінен өткізіп, сараптап-сара­лап, оқырмандарымызға есеп беріп қоюды ғана мақсат етіп отырмыз. Жинақ шығару идеясы оқыр­мандарымыздың өз ішінен шық­қанын айта кету керек. Кітапқа соңғы 3 жылда жарияланған ма­қа­лалар мен сұхбаттардың ең негізгілері сұрыпталып енгізілді. Бүгінгі жаңалықтың жаршысы, яғни журналистердің ертеңгі тарихты да тасқа басып жүргенін ескерсек, бұл жинақтың осы тұрғыдан алғанда да құндылығы басым деуге болатын шығар. Газеттің өзі бір күндік болғанмен, сөзі мыңжылдық екені рас. Мысалға Алаш қайраткерлері шығарған «Қазақ» газетінде қау­залған мәсе­лелер ғасырға жуық уа­қыт өтсе де күні бүгінге дейін маңызын жоғалтқан жоқ. Ал сол кезеңде жарық көрген мәселелер заңды сабақтастығын тауып бүгінгі баспасөзде де айтылып, жазылып жүр. Ендеше, қазақ баспасөзінің тарихы – қазақтың тарихы деу­ге әбден негіз бар. Әрине, тарих үшін 3 жыл деген көп уақыт бо­ла қоймауы мүмкін. Десек те, осы уақытта бүгінгі қазақтың сүт бетіне шығар қаймақтарының түгелі дерлік біздің басылымға сұх­бат беріп, өз ой-пікірін, елге өне­ге, өсиет боларлық әңгімесін ақ­тарыла айтты. Шерхан Мұртаза, Қабдеш Жұ­маділов, Қалихан Ысқақ, Тө­лен Әбдікұлы, Несіпбек Айтұлы, Ка­­мал Ормантаев, Сейітхан Жо­шыбаев, Тоқтар Әубәкіров сынды елуге жуық аузы дуалы, сөзі уәлі азаматтардың сыр-сұхбаты топтас­тырылып берілді жинаққа.

– Яғни халық сөзін айтып жүрген азаматтардың ағынан жа­­рыл­ған әңгімесін «Халық сөзі­­­­нің» жинағынан табасыздар дейсің ғой. Жөн-ақ екен. Шы­ғар­машылық ұжымның тек газет шығарып қана қоймай, көп­теген қоғамдық істерде де аты аталып жүргенін білеміз. Мұн­дағы мақсат не?

– Ең әуелі кез келген мәселенің салдарын ғана жазып қоймай, себебіне де тереңдеп үңілуді жөн санадық. Қазір техника да­мы­ған, интернеттің заманы, ақ­парат тасқыны көз ілеспес жыл­дамдықпен келіп жатыр. Қысқасы, бөлмеден шықпай-ақ газет шығара беруге болатындай мүмкіндік жасалып қойған. Десек те, елдің өз ішін зерттеп білмей, бұқарамен байланыс жасамай, интернет ар­қылы тараған ақпаратты ғана алға тартып, былайша айтқанда, сыртынан тон пішкен газет қайтып халықтың көзі, құлағы, тілі бола алады?! Және ондай ақпарат құралының бұқара алдында беделі бола ма, жалпы? Осы мәселеге жете мән беріп, қоғамдық іс-ша­ра­ларға да белсене араласып отыруды құп көрдік. Мәселен, мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселесі қатты толғандырды біз­ді. Олардың мұң-мұқтажын газетте жазудай-ақ жазып жүрміз, бірақ ішкі жан дүниесіне үңіле алдық па, көңілін аулап, жанына медет бола алатындай іс қыл­дық па деген

Соңғы жаңалықтар