• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
18 Қыркүйек, 2013

Ауыл мектебі, хал нешік?

440 рет
көрсетілді

Әр оқу жылы басталғанда ауылдағы ата-анадан маза кетеді. Өйткені, шағын жинақты мектептердің көпшілігінде, жалпы ауылдағы білім ошақтарында бала саны аз болғандықтан, сыныптардың немесе мектептің жабылып қалу қаупі сейілмей отыр. Мектеп жабылып қалса ата-ана көрші ауылға, аудан орталығына немесе қалаға жібереді, жібермесе бала білімсіз қалады.

Қарабалық ауданындағы Өрнек ауылының тұрғындары да биыл ғана емес, бірнеше жылдан бері нақ осындай күйді бастан кешіруде.

Әр оқу жылы басталғанда ауылдағы ата-анадан маза кетеді. Өйткені, шағын жинақты мектептердің көпшілігінде, жалпы ауылдағы білім ошақтарында бала саны аз болғандықтан, сыныптардың немесе мектептің жабылып қалу қаупі сейілмей отыр. Мектеп жабылып қалса ата-ана көрші ауылға, аудан орталығына немесе қалаға жібереді, жібермесе бала білімсіз қалады.

Қарабалық ауданындағы Өрнек ауылының тұрғындары да биыл ғана емес, бірнеше жылдан бері нақ осындай күйді бастан кешіруде Өрнектің өткеніне тоқтамай-ақ қоялық. Тарихты айтсақ ұзаққа кетеміз. Тек осы ауылда кіндік қаны тамып, бүкіл қазақтың қамын ойлаған халқымыздың тұңғыш кәсіби журналистерінің бірі, ақын, аудармашы, «Айқап» журналының редакторы Мұхаметжан Сералиннің өзі бір тарих. Оның ескерткіші өмір сүрер-сүрмесі белгісіз мектептің алдында мұңайып тұрғандай. Кеңес Одағы жылдары Өрнекте толық қазақ орта мектебі болды. Өрнек сол жердегі өзі аттас үлкен шаруашылықтың бөлімшесі, өзі таза қазақ ауылы болған еді. Қазақ мектеп-интернаты бар Тастыөзек ауылының, Өрнектің жастары аудан, облыста өтетін жарыс­тарда алға ешкімді салмайтындығын бүгінгі жігіт ағасы болғандар ұмыта қойған жоқ. Міне, 90-шы жылдары ауыл шаруашылығы дағдарысқа ұшырағанда, Өрнектен де береке кетті. Өрнек ауылында қазір барлығы 29 отбасы ғана отыр. Орта мектеп орталауға, биыл бастауышқа айналды. Барлығы он бүлдіршін ғана мектепке барады. Оның жетеуі бастауыш мектептің оқушылары болса, үшеуі мектепалды дайындық тобына барып жүр.

– Білім беру ұйымдары желісінің кепілдік берілген мемлекеттік нормативін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы қаулысына сәйкес Өрнек мектебі жабылмайтын болды. Он бала осы қаулыдағы нормативке сәйкес келеді. Ал қаулы бойынша орталау мектепте кемінде 41 оқушы болуы керек. Биыл ата-атаналар балаларын Өрнекте қалдырудан бас тартып, құжаттарын өздері аудан орталығы Қарабалықтағы қазақ мектебіне апарып тапсырды, сондықтан мұнда орталау мектепте оқитын бала қалмады, – дейді Қарабалық аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі Камиль Ибрагимов.

Шекарада, облыс, аудан орталығынан шалғайда жатқан Өрнек бүгінде өркениеттен шеттеп тұр, онда интернет те, ұялы байланыс та жоқ. Қыс айларында жолдың барлығын қар басады, қатынастың өзі азапқа айналады.

Өрнек ауылында қалған 29 отбасының барлығы да тек өзінің қорасындағы малы мен құсын бағып отыр. Оның өнімін Қарабалықтағы жәрмеңкеге шығарып, нәпақасын табады.

– Өрнектен дәл қазір көшіп жатқан ешкім жоқ. Мұнда тұратындардың барлығы болмаса да, басым көпшілігі 40-45 жас аралығындағы кісілер. Ауылдан кеткен жастар қайтып оралмайды. Бала туу да өте кемшін. Ауылдың болашағы туралы ештеңе кесіп айта алмаймын, – дейді Өрнек ауылдық округінің әкімі Балқия Құнанбаева.

Осындай халге тек Өрнек мектебі ғана душар болса үндемей-ақ қояр едік. Қостанай облысындағы білім ошақ­тарының 70 пайызын осы сияқты шағын жинақты мектептер құрайтындықтан, бұл өзі үлкен проблемаға айналып отыр. Ал статистика бойынша елімізде жыл өткен сайын шағын жинақты мек­теп­тердің қатары көбейе түсуде. Мысалы, 2005 жылы ол жалпы білім беретін мек­тептердің 52 пайызын құраса, 2010 жылы бұл көрсеткіш 56,5 пайызға жеткен. Қостанай облысында әр үшінші оқушы шағын жинақты мектептен білім алады, әр он екінші бала аралас сыныптарда оқиды.

– Сыныптарды қосып оқыту тек бас­тауыш сыныптарда ғана емес, білім берудің негізгі деңгейінде де кездеседі. Осындай мектептердің бастауыш сынып­тарындағы оқушылардың 35 пайызы, жоғары сыныптағылардың 17 пайызы араласып отырып оқиды. Мұндай оқу үдерісінде сабақтың ұзақтығы екі сынып үшін 22 минуттан, ал үш сыныпты қосса 15 минуттан келеді. Бұлай оқыту сабақтың тиімділігін күрт төмендетеді, ал шағын жинақты мектептердің көпшілігі мұғалім тапшылығын өткір сезініп отыр, -– дейді облыстық білім саласын бақылау департаментінің директоры Бәтима Даумова.

Өткен жылғы мемлекеттік аттестация облыстағы шағын жинақты мектептердегі мұғалімдер

Соңғы жаңалықтар