• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 28 Сәуір, 2020

Ұлы Жеңіске арналған кітап

502 рет
көрсетілді

Ұлы Жеңістің 75 жылдығына «Раритет» баспасы тамаша тарту әзірледі. Бұл баспа «Соғыс жаңғырығы» («Эхо войны») деген атпен қазақтың төрт жазушысының шығармасын орыс тілінде жинақ етіп шығарды.

Атап айтқанда, Естай Мырзахметовтің «Шамшырақ», Кәрібай Ахметовтің «Жеңіс жауынгері», Жәлел Қизатовтың «Соғыс қасіреті», Нағашыбек Қапалбекұлының «Өрік ерте гүлдеген жыл» атты повестері жарияланған. Шығармаларды орыс тіліне аударған белгілі ақын, прозаик, аудармашы Амантай Ахетов.

Көлемі отыз бес баспа табақ болатын кітап бес мың данамен жарық көрді. Бұл шығармалар оқырманды елжандылыққа, патриоттық рухқа тәрбиелейтін соғыс және оның зардабы жайлы құнды жинақ болып табылады.

 

 

АЛМАТЫ