• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Елорда 28 Сәуір, 2020

Елордада спорт алаңдарында жүгіруге және жаттығу жасауға рұқсат берілді

539 рет
көрсетілді

Елорда тұрғындары — белсенді өмір салтын ұстанушылар енді сыртта жаттығу жасай алады.

Нұр-Сұлтанда спорт алаңдарында жүгіруге және жаттығу жасауға рұқсат берілді. Алайда, атлеттер осыған дейін айтылған шектеу шараларын сақтауы керек.Таңғы сағат 6-дан бастап аулада және оның айналасында, немесе өзі тұратын үйге жақын маңда спортпен шұғылдануға және жүгіруге рұқсат етіледі.Бұл шектеу шаралары адамдардың өзара байланысын азайтып, осылайша коронавирус инфекциясының таралуын төмендету үшін қолданылады.