• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Сәуір, 2020

Қостанай облысы: Карантин талаптары едәуір жеңілдеді

1064 рет
көрсетілді

Бұл туралы өңір тұрғындарына облыс әкімі өзінің инстаграмм парақшасы арқылы хабарлады. Аймақта  3 күн бойы COVID-19 жұқтырудың бірде-бір оқиғасы анықталмағанын атап өткен Архимед Мұхамбетов облыс тұрғындарына  өңірде қабылданған қатаң шектеулерге түсіністікпен қарап,  жауапкершілік танытқаны үшін алғыс білдірді.

«Құрметті қостанайлықтар!

Кеше Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елдегі қазіргі жағдай туралы мәлімдеме жасады. Мемлекет басшысы карантиннің шектеу шараларын кезең-кезеңмен жеңілдетуді тапсырды.

Облыста қалыптасқан жағдайды ескере отырып, карантин режімін үш кезең арқылы жеңілдетуді ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.

Бүгінгі күннен бастап қаржы және сақтандыру секторының, автожуу, тұрмыстық және ұйымдастыру техникасын жөндеу шеберханаларының жұмысы қайта басталды. Б

Сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін аула алаңдарында серуендеуге рұқсат етілді. Алайда қауіпсіздіңк шаралары сақталады. Аумақтарды дезинфекциялау жұмысы жалғаса береді.

Облыстағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты алдағы уақытта жұмысын бастайтын ұйымдардың қосымша тізбесі анықталатын болады.

Қостанайлықтарды алаңдататын қазіргі мәселе саяжайға шығу болып тұр. Бұл мәселеге қатысты шешімді әр өңірдегі жергілікті әкім басқаратын жедел штаб қабылдайды.

Мысалы, Рудный және Лисаков қалаларында саяжай учаскелеріне баруға рұқсат етілген, бірақ бірқатар шектеулер бар. Қостанайда бүгіннен бастап жеке автокөлікпен 6.00-ден 8.30-ға дейін саяжайға баруға және 18.00-ден 20.00-ге дейін саяжайдан қайтуға рұқсат етілді.

1 мамырдан бастап ТЖ кезеңінде саяжай маршруттары жұмыс істей бастайды, жол жүру тегін болады.

Жеңілдік енгізу  - санитарлық нормаларды ұмыту дегенді білдірмейді. Осыны дұрыс түсінулеріңізді сұраймын. Таяу уақытта қайта ашылатын ұйымдарға қызметкерлердің қауіпсіздігі үшін де, клиенттер үшін де үлкен жауапкершілік жүктеледі.

Құрметті жерлестер, сіздерден әрі қарай барлық қажетті санитарлық нормаларды сақтауды сұраймын. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыздар» деді аймақ басшысы.

 

 Қостанай облысы