• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Сәуір, 2020

Жеңіс күніне арналған жаңа ән

5146 рет
көрсетілді

Қорғалжындық композитор Марат Әлімжанов Ұлы Жеңістің 75 жылдығына ән арнады. Жергілікті ақын Меруерт Алпысованың өлеңіне жазылған ән «Әлия мен Мәншүк» деп аталады. Яғни, ерлік пен өрлікке үндейтін әсерлі ән шығыстан шыққан қос жұздызға арналған.

1959 жылы Қорғалжын ауданында ұстаздар отбасында дүниеге келген Марат Әлімжанов Сәкен Сейфуллин атындағы мемлекеттік педагогикалық институтының музыка факультетін тәмамдаған. 78-ші жылдан бері Қорғалжын аудандық мәдениет үйінде фольклорлық ансамбльдің көркемдік жетекшісі. 40 жылға жуықтаған еңбек жолында музыкалық білімін ұштастыра отыра, фортепиаоно, баян, домбыра аспаптарын жетік меңгерген.

–Биыл еліміз Ұлы Жеңістің 75 жылдығын тойлауда. Соған да өз басым атсалысып, осныдай ән жазғым келді,– дейді композитор Марат Әлімжанов.

Сазгердің әніне сөз жазған қорғалжыдық ақын Меруерт Алпысова бүгінде Нұр-Сұлтан қаласында тұрады. Бір кезде композитормен қызметтес болған ақын апай шығармашылық ынтымақтарының нәтижелі болып келе жатқанына қуанышты.    

–Жалпы, өлеңдерімнің ішінде «Туған жер», «Ерлік дастаны», «Сарыарқа», «Мектебім», «Ұстазыма», «Махаббат дастаны» дегендерге әндер жазылды. Соның ішінде, «Махаббат дастаны», «Әлия», «Ерлік дастаны» осы Марат ағамен бірлесіп жазылған. Әлия халқымыздың тарихындағы ерліктің символы. Ән ешқашан өлмейді,–дейді ақын.

Бүгінде Марат аға Қорғалжын ауданының құрметті азаматы, сондай-ақ, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері. Репертуары өте бай, әр ұлттың әндері мен күйлері халық назарында.

 

Ақмола облысы