• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
18 Қыркүйек, 2013

Ақпараттар ағыны

220 рет
көрсетілді

*Алматыда негізгі капиталға салынған қаржы 260 млрд. теңгеден асты. Оның 2013 жылғы қаңтар-тамыз айларындағы көлемі нақты 263 688,2 млн. теңгеге жетті. Бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңінен 0,2 пайызға артық.

*Алматыда негізгі капиталға салынған қаржы 260 млрд. теңгеден асты. Оның 2013 жылғы қаңтар-тамыз айларындағы көлемі нақты 263 688,2 млн. теңгеге жетті. Бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңінен 0,2 пайызға артық.

*Солтүстік Қазақстанда астық жинауға 10 мыңға жуық комбайн тартылды. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Серікбай Тұралиновтың айтуынша, 16 қыркүйекке дейін 2071 мың гектар жердің астығы орылған. Мұның өзі барлық алқаптың 58 пайызын құрайды.

*Келер жылы оңтүстік астанада Қазақстан-Сорбонна француз университеті ашылады. Кеше Алматыда Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Серік Пірәлиев пен Сорбонна университетінің президенті Жан-Франсуа Жирар осыны растаған меморандумға қол қойды.

*Ақтауда «Aktau Opel Fest» фестивалі мәреге жетті. Еліміздің барлық өңірлерінен спортшылар мен әншілер қатысқан шараның соңында Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев халықтың көңілін көтергендері үшін оны ұйымдастырушыларға алғыс айтты.

*Оралдағы облыстық қазақ драма театры жанына қобызға ескерткіш қойылды. Бұрын субұрқақ тұрған жерге қоныс тепкен тастұғыр енді қаланың қасиетті мекендерінің біріне айналды.

*Семейде 2016 жылға дейін көліктік-логистикалық орталық салынады. Сол кезде кешен арқылы жылына 11,5 млн. тонна жүк тасымалданады. Оны құрудағы басты мақсат тек жүктерді өңдеу ғана емес, сондай-ақ кедендік рәсімдеу болып отыр.

*Оңтүстіктегі Сайрам ауданының «ELNUR» телеарнасы эфирге қайта шықты. Он жылға жуық тарихы бар компания жуырда ғимараты өртеніп кеткеннен кейін жұмысын тоқтатып еді. Енді оның қызметкерлері «Нұр Отан» партиясы ғимаратының мәжіліс залына уақытша орналасты.

«ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», Bnews.kz, TengriNews, EgemenNews хабарлары бойынша дайындалды.

Соңғы жаңалықтар