• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 28 Сәуір, 2020

Ақтауда 1 жасар баладан Сovid-19 инфекциясы анықталды

242 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған жаңа бір жағдай тіркелді. Ол - 2019 жылы туған Ақтау қаласының тұрғыны. Бұл туралы МО қоғамдық коммуникация орталығы хабарлады.

Сәби - осыған дейін вирусты жұқтырған науқастың ұлы. Қауіпті дерт анықталған адаммен қарым-қатынаста болғандықтан карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған болатын. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда, делінген МО қоғамдық коммуникация орталығы таратқан ақпаратта.

28.04.2020 ж. жағдай бойынша өңірде барлығы 32 адамнан COVID-19 вирусы анықталды: Ақтауда – 18; Жаңаөзенде – 4; Маңғыстау ауданында – 4; Мұнайлы ауданында – 3; Қарақия ауданы – 3; Жазылып шыққаны – 7; Қайтыс болғаны – 1.