• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
18 Қыркүйек, 2013

«Қызы еді қазағының жыр боп туған»

340 рет
көрсетілді

Көктемде қырларды қызғалдақтардың жауып қалатын әсем келбеті секілді дала рухынан қыз жырларының қырмызы үні үнемі бөлек сарынмен бебеулейді.

Поэзия, жалпы өнер атаулы түрлі жанрға бөлінуі мүмкін, алайда «ерлер жыры», «қыз-келіншектер жыры» деген ұғымдар жоқ деп есептеледі. Жыр отының тұздығы саналатын махаббат пен сүйіс­­пеншілік, ерлік пен елдік, сезім мен сенім сынды ізгі қасиеттер де барша адамзат үшін ортақ құндылықтар болып санаға сіңгені мәлім. Солайы солай-ау, бірақ та қолтаңбасы қоше­меттелген кешегі бір толқын­дағы қазақтың ақын қыз­­да­рына қайта оралар болсақ, шы­ғыс арулары көркем дү­ниелерінің көгінен жаныңа шуақ құйылғандай мейірлене жадырайсың. Өйткені, нәзік жүрекпен өрілген жырлардан олардың бүкіл болмы­сы, мі­нез-құлқы мен ішкі әле­мі ала­қандағыдай айқын кө­рі­не­тіні ғажап әсер қал­ды­рады.

Көктемде қырларды қызғалдақтардың жауып қалатын әсем келбеті секілді дала рухынан қыз жырларының қырмызы үні үнемі бөлек сарынмен бебеулейді.

Поэзия, жалпы өнер атаулы түрлі жанрға бөлінуі мүмкін, алайда «ерлер жыры», «қыз-келіншектер жыры» деген ұғымдар жоқ деп есептеледі. Жыр отының тұздығы саналатын махаббат пен сүйіс­­пеншілік, ерлік пен елдік, сезім мен сенім сынды ізгі қасиеттер де барша адамзат үшін ортақ құндылықтар болып санаға сіңгені мәлім. Солайы солай-ау, бірақ та қолтаңбасы қоше­меттелген кешегі бір толқын­дағы қазақтың ақын қыз­­да­рына қайта оралар болсақ, шы­ғыс арулары көркем дү­ниелерінің көгінен жаныңа шуақ құйылғандай мейірлене жадырайсың. Өйткені, нәзік жүрекпен өрілген жырлардан олардың бүкіл болмы­сы, мі­нез-құлқы мен ішкі әле­мі ала­қандағыдай айқын кө­рі­не­тіні ғажап әсер қал­ды­рады.Түп­сіз терең құдықтың тү­бі­не ай сәулесі батып кеткендей шыңыраудан шын әуен құ­­­лағыңа шалынады. Сырлы ай­­дыннан жыр маржанын тіз­г­е­н ақын Рза Қунақованың жа­­қында қолымызға тиген жа­ңа жинағын көзбен шолып өт­­­ке­німізде көңілге шоғыр ой түйілді.

Рза айдынының ерекшелігі тұп-тұнықтығы, шынайылығы, жасан­ды­лықтан адалығы екен­дігін осындағы әр шумақ­тың тиянақты бір ойды біл­ді­­руі айқын көрсетіп береді. Жыр айна­сындағы ақын бейнесі айдай сипатта ап-анық ай­­шық­талады. Елін, жерін, туған халқын, қоғамын сүйген жү­­ректің түрлі сәттегі бүлкілі мен дүрсілі кей жастардың ұғы­мына қазір сәл-пәл оғаш ой тудырып қалуы ғажап емес. Өйткені, кеңес дәуіріндегі патриотизм мен отан­шыл­дықтың оты көбіне әдебиеттен, жырдан көрініс табуы талапқа айналды. Бұл да – өмір заңдылығы. Солай болғанмен де өткен іздің өнегесін бүгінгі оқырманға жаңғырта қайта ұсынып отыру кейінгі ұрпақтың басты бо­рышы болып табылады. Бұл ретте ақын анасының соңындағы рухани мұраға бас-көз бола білген қызы Ғалия Құ­сайыноваға жалпы қазақ оқыр­­­мандары атынан рахмет айтып қойсақ, артық емес сияқты. «Қай­тейін, анам, қайтейін, Тү­сіпсің ажал торына» деп ақын­ның өзі жырлағандай, бү­гінде Ғалияның ана аруағына арнап, сыртқы мұқабасы мұн­­­­таз­дай, көлемі өте жып-жи­на­­қы жинақты оқырманға сый­­лап отырғанын өнегелі өсиет­тің орындалуы деп біл­дік. «Туған жер – алтын бесі­гім», «Балалықтың бал күні», «Ой­лайтыным – артымда қал­сын бір із», «Сұлулық базары», «Туған жер түлек­тері», «Қа­ламдастар лебізі» атты бір­неше тараудан тұратын кітапты ақын­ның шамшырақ жырлары жарқырап ашыла түспесе, ешқашан көмескі тартпасын көңілге түйдірген тағылымды оқиға деп таны­дық. Адам өмірі бірте-бірте тарихқа, ғұмырнамалық есте­лікке айналады десек, әдебиет саласындағы мұн­дай ғажайып тұлғалар туралы жа­рық көрген кез келген туынды келешек ұрпақты ата-бабалар дәстүріне бас­тайтын басты арна болып қала бермек. Рза ақын жыр­­ла­рының жылуын аңса­ған, ала­бұрта күткен жұрт сарыала күз­де сағыны­шын толық бассын де­гендіктен кітаптың атын «Са­ғыныш» деп қойыпты. Иә, са­ғын­ған жанды жұ­ба­татын дүниеде жыр отынан артық бас­қа тағы қандай құдірет бар дейсіз?!

Үлкен үй

Аман болсақ тұрамыз ғой тағы келіп, қош, аға,

«Келесің де, кетесіңдер», – деп жеңеше босама.

Бір ауылдың үлкен үйі саналатын шаңырақ –

Орталық боп қалды бізге берік алтын босаға.

Аунап-қунап кетеміз біз демалыста тыныстап,

Бірге тұрып, бірге өлу жоқ, болса да бір туыспақ.

Өріс болды өздеріңе ұялас ақ балапан

Дала гүлін жарыса бір, тере-тұғын уыстап.

Жыл жатсам да осында мен, «көп болдым-ау», – демес ем,

Бұл үй дархан, береке ғой жүргенде сен, жеңеше.

Сыр сандығын ақтарып бір ортаға сап оңаша,

Отырып-ап өзіңменен ұзақ түнге кеңесем.

Осы үйден тарады ғой ұрпағы бір атаның,

Осы үйден басталды ғой менің сәби шат әнім.

Осы үйден аттаныпты әкем, алты бауырым,

Сонау алыс от жылдарда қорғауға Ұлы Отанын.

Сондықтан да осынау үй секілді бір астана,

Осы үйден тарайтын-ды ауылға тың бастама.

«Ақ жеңеше, ақ апа», деп анамды сыйлаған,

Аталыпты әкеміз – үлкен ата, жақсы аға.

Жалғастыра берейік біз әке-ана дәстүрін,

Қонақ келсе, күлімсіреп есікті одан аш бұрын.

Зәулім өскен бәйтеректен қалған бұтақ іспеттес,

Қарап өсер осы үйге қалған ұрпақ, жас буын.

Аман болсақ тұрамыз ғой тағы келіп, қош, аға,

«Келесің де, кетесіңдер», – деп жеңеше босама.

Бір ауылдың үлкен үйі саналатын шаңырақ –

Тұра берсін ұрпаққа да болып алтын босаға.

*     *     *

Апыр-ай, сезім қызыл шоқ екен ғой,

Оны тежер құдірет күш жоқ екен ғой.

Ғашық көзге қарама, мерт боласың,

Құлатады, қадалса, оқ екен ғой.

Кезіктім қапылыста сөнбес өртке,

Айналды ғашық оты меңдеп дертке.

Жанармын қызыл жалын ортасында

Жаным-ау, тұра алмайсың айтқан сертте.

Кетермін арман боп Жібек қыздай,

Ойласам, кетер суып жүрек мұздап.

Өзімді сағынышпен жүдетпеймін,

Көңілім күптіліктен жүр ғой сыздап.

Неге осылай?

Досыма тілейтінім – татулық,

Жақсылықтың керегі не сатулы?

Қысылғанда қолын берген жолдасың,

«Қарымтасын қайтар», – дейді, ол да шын.

Бір кездерде кеткен сенен суынып,

Ісі түссе, қолпаштайды туысың.

Кейде осылай құбылмалы тіршілік,

Еске түссе, қиналамын күрсініп.

Адамда ғой ерік, билік, күш дейтін,

Өзіміз ғой соның бәрін істейтін.

*     *     *

Мінезім қиын емес өте менің,

Көп емес ел алдында өтегенім.

Достарыма арнаймын қуанышты,

Қайғымды бір өзім-ақ көтеремін.

Бар дәмді достарыммен бөле ішкенмін,

Мазалар әрбір күнгі төл іс мені.

Көңілімді қалдырған жандар болса,

Олармен айлап, жылдап көріспедім.

Ойлантар көңілдегі көп іс мені,

Жақсы ғой достың жиі көріскені.

Адасқан жалғыз қаздай болғаныңша,

Артық қой жұртпен кейде бөліскенің.

Мені ізде

Сен мені ізде,

Жол жүріп шаршағанда.

Сен мені ізде,

Қара көзді аңсағанда

Мен сенің жырың болам.

Сен мені ізде,

Қарсы алғанда көктемді.

Сен мені ізде,

Серуендерде көк белді

Мен сенің гүлің болам.

Сен мені ізде,

Керімсал кеш әлдилесе.

Сен мені ізде,

Сауықшылдар ән-күй десе

Мен әуез үнің болам.

Сен мені ізде,

Аққулар ән салғанда.

Сен мені ізде,

Көктемді қарсы алғанда

Мен сенің жырың болам.

Сен мені ізде,

Ай мен Күн тұтылғанда.

Сен мені ізде,

Теңізде дауыл құтырғанда

Мен сенің пірің болам!

*     *     *

О, өмір!

Неге мұнша қысқасың?

Біреулерді бүтін қып,

Ал біреуді жарты етіп

Жаратуға ұстасың.

Маған салса мәңгілік

Атар еді таң күліп.

Жырға бөлеп өзіңді,

Өтер едік ән қылып.

Бірақ-тағы менен де,

Өмір, сенде күш басым.

Адам атты аққулар

Көлден ерте ұшпасын.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар