Алматыда IX Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі салтанатты басталды. Дәстүрге айналған айтулы шара биыл Қала күнімен сәйкес келіп отыр. Ал оңтүстік астанада мәдени оқиға аясында әлемнің әйгілі кинематографистері мен даңқы дүниеге мәлім кино жұлдыздары жиналды.
Фестиваль әдеттегідей Қызыл кілем үстінде киножұлдыздары мен отандық өнер майталмандарының шеруімен басталды.
Алматыда IX Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі салтанатты басталды. Дәстүрге айналған айтулы шара биыл Қала күнімен сәйкес келіп отыр. Ал оңтүстік астанада мәдени оқиға аясында әлемнің әйгілі кинематографистері мен даңқы дүниеге мәлім кино жұлдыздары жиналды.
Фестиваль әдеттегідей Қызыл кілем үстінде киножұлдыздары мен отандық өнер майталмандарының шеруімен басталды.
Біз бұған дейін де қазылар алқасына жаңазеландиялық жазушы және Канн кинофестивалінде «Алтын пальма бұтағы» жүлдесін жеңіп алған («Пианино») тұңғыш әйел кинорежиссер, сондай-ақ, «Оскар» сыйлығы, Венеция кинофестивалінің «Күміс арыстан» жүлдесінің иегері Джейн Кэмпион төрайымдық ететіндігінен хабардар еткенбіз. Айтулы жұлдыздар легі туралы ақпараттар ақиқатқа айналып, ашылу салтанатында «Моя прекрасная няня» сериалы бойынша Константин рөлімен әбден танымал Борис Смолкинді, танымал актерлер Алена Яковлева мен Андрей Гайдуляндарды көрдік.
Жылына бір рет оралатын бұл оқиға отандық киномайталмандарынсыз өтпейді. Қалыптасып қалған дәстүр бойынша қызыл кілемге Асанәлі Әшімовтің отбасы шығып, бұл шеруді жас өнер жұлдыздары ұзартады. Республика сарайы алдындағы шеруде Азиз Бейшеналиев («Ликвидатор»), Эмир Байғазин, Азиз Жамбакиев, Ренат Ғайсин, Берік Айтжанов, Сергей Погосян, Асылхан Төлепов, Қарлығаш Мұхамеджанова, Әсел Сағатова, Құралай Анарбекова, Айсұлу Әзімбаевалар кезегімен өз көрермендерімен дидарласты.
Киносүйер қауым тағатсыздана күткен таланттың бірі – әйгілі француз композиторы, шансонье, актер және қоғам қайраткері Шарль Азнавур болатын.
Француз шансоны таяу күндері ғана ЕМА-2013 музыкалық марапаттау рәсіміне қатысып, «Әлемдік музыка өнеріне қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша ең салмақты жүлдені жеңіп алған-ды. Сондықтан көңілі тоқ, қадірлі қонағымыз ағынан жарылып, баспасөз мәслихатында журналистердің барлық сұрағына емен-жарқын жауап беруге уақыт тапты.
– Қандай да бір марапатқа ие болу жаныма жағатынын жасырмаймын. Өйткені, атақ та жүлде де мені кеш іздеп тапты. Және мен өзімді ешқашан керемет жұлдыз деп есептеген емеспін, бар болғаны шығармашылықтың ұстасы болып келдім, – дейді мыңдаған әннің авторы.
Тағдыры мен таланты оны бүкіл ғұмырында Франсуа Трюффо, Клод Шаброль, Жана Кокто, Эдит Пиаф, Фрэнка Синатру Лучано Паваротти, Пласидо Доминго және Селин Дионмен тоқайластырып, оның әндерін Рэй Чарльз, Боб Дилан мен Лайза Минелли сынды әлемдік деңгейдегі дарындар орындайтынын, оған және дүниенің барлық бұрышында шығармалары күн сайын мың рет шырқалып жататындығын қосып қойсақ, мұндай сирек талант иесін «Еуразия» кинофестивалі енді қашан көрері неғайбыл.
Жер шарының төрт бұрышын түгел аралаған аты мәшһүр қонақ Қазақстанға бірінші рет келіп отыр. Алғаш рет қазақ жеріне қадам басқан атақты жан осы жерден де өзінің ескі де жаңа достарын кезіктіріп, қазақтың қонақжайлылығынан қуатына қуат қосылғанын айтады. Онсыз да жаны жайсаң француз мұндай ықыластан жансарайы байып қалғанын жеткізіп, «Еуразия» кинофестивалінің ұйымдастырылуына өте жақсы баға бергенін қаперге алуға болады.
Қызыл кілем шеруіне Азнавур мырза ұлы Николаспен шықты. Амандық болса, бір жылдан соң 90 дейтін жасты мойындататын актер әлі де тартымдылығын бір түйір де жоғалтпаған.
Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ президенті Ермек Аманшаев «Еуразия» кинофестивалі бүгінде әлем кинематографистерінің кәсіби алаңына айналып келе жатқандығын атап және осыған үлес қосып жатқан жандарға, қазақстандық киноиндустрияның д