Шарайна
Біреудің аумағына кіріп несі бар?
Химиялық қару-жарағын халықаралық бақылауға алуға келіскеннен кейін Сирияның төңірегіндегі дау-жанжал біршама саябыр тапқандай болып еді, бірақ ол жуырда жаңа қуатпен бұрқ етті.
Түркияның әскери ұшағы өз аумақтарына кіріп кеткен-міс Сирияның Ми-17 тікұшағын зымыранмен атып түсірді. Түрік жағының мәліметіне қарағанда, тікұшақ шекарашылардың ескертулерін елемей, Түркия аумағына екі шақырымға дейін еніп кеткен. Бірақ снаряд тиген соң ол өз аумағына құлаған. Сирия жағы бұл тікұшақ жолынан адасып кіріп кеткендігін айтып жалтаруда.
Біреудің аумағына кіріп несі бар?
Химиялық қару-жарағын халықаралық бақылауға алуға келіскеннен кейін Сирияның төңірегіндегі дау-жанжал біршама саябыр тапқандай болып еді, бірақ ол жуырда жаңа қуатпен бұрқ етті.
Түркияның әскери ұшағы өз аумақтарына кіріп кеткен-міс Сирияның Ми-17 тікұшағын зымыранмен атып түсірді. Түрік жағының мәліметіне қарағанда, тікұшақ шекарашылардың ескертулерін елемей, Түркия аумағына екі шақырымға дейін еніп кеткен. Бірақ снаряд тиген соң ол өз аумағына құлаған. Сирия жағы бұл тікұшақ жолынан адасып кіріп кеткендігін айтып жалтаруда.
Тікұшақ апатқа ұшырады
Ресейдің Тверь облысында Нижний Новгородтан шыққан сегіз орындық Augusta 119 тікұшағы 14 қыркүйекте жоғалып кеткен еді. Кеше 28 техника құралдарымен жабдықталған 160 адамдық іздеу тобы тікұшақтың қаңқасын тапты.
Әйел адамның басқаруындағы тікұшақ Тверь облысының Старицкий ауданына құлапты. Оның ішіндегі мәйіттердің арасында «Рослесхоз» комитеті басқармасының бастығы С.Медведев бар. Тікұшақтың құлау себептері қазір анықталу үстінде. Аппараттың қаңқалары мен темір жәшікке баллистикалық зерттеу үшін тиісті орындарға жеткізілген.
Алып кеме «аяғынан» тұрғызылды
Италия жағалауларында Costa Concordiа круиздік лайнері 2012 жылдың қаңтар айында апатқа ұшыраған еді. Апат барысында 32 адамның қаза болғандығы, 2 адамның жоғалып кеткендігі туралы айтылған. Кеше осы кемені көтеру жұмыстарының алғашқы кезеңі аяқталғаны жарияланды.
Сөйтіп, су сыйымдылығы 114 мың тонна болатын алып кеме жасанды тұғырға қондырылды. Бұрын-соңды мұндай алып кемені су түбінен көтеру жұмыстары Италияда болмаған екен. Сондықтан да бұл оқиғаға деген елдің қызығушылығы шексіз. Бір кездегі Ресейдің «Курск» атты атом сүңгуір қайығын судан көтергендегі сияқты италиялықтар да өз кемесін көтеру барысын барлық БАҚ-тарда жарыса жариялауда.
Тізгінді шенеуніктерге беруге қарсы
Ресей Парламентінде Ғылым академиясы туралы жаңа заң жобасын қабылдау үлкен шу тудырып тұр. Академиктер ғылыми-зерттеу институттары бюрократ шенеуніктердің басқаруына түсіп кетіп, зерттеу жұмыстары доғарылатынына алаңдаушылық білдіруде.
Әзірге заң жобасы екінші оқылымға қайтарылды. Бірақ ол академиктердің алаңдаушылығын баса алған жоқ. Заң жобасы талқыланып жатқанда 150-ге жуық ғалым Мемдуманың жанына келіп, пикет жасады. Жауын сіркіреп тұрғандықтан, кейбір депутаттар оларды ішке енгізу туралы ұсыныс жасағанымен, көпшілік дауыспен ол өтпей қалды.
Арманы жоқ адам да болады
Атағы жер жүзіне жайылған жапонның Тойота корпорациясы өзінің көп жылғы басшысынан айырылып қалды. Жүз жастың қырқасына шыққан Эйдзи Тоеда кеше жүрек талмасынан қайтыс болды.
Эйдзи Тоеда автоконцернді құрушы Киитиро Тоеданың немере інісі болатын. Ол компанияға жұмыс істеуге 1936 жылы келген. Ал 1967 жылдан 1982 жылға дейін 15 жыл бойы оның президенті болды. Содан соң 1982 жылдан 1994 жылға дейін директорлар кеңесінің төрағасы болған. Э.Тоеданың басқаруында Тойота компаниясы әлемнің барлық түкпірлеріне дейін қол жеткізіп, өз өнімдерін тарата білді. Сонымен бірге, бұл өнімнің сапасы әлем бойынша бірнеше рет үздік деп танылған.
Тыныш елді дүрліктірген оқиға
Австрияда от қаруымен жарақтанған браконьер екі полиция қызметкерін және жедел жәрдем көлігінің жүргізушісін өлтіріп, бір адамды кепілдікке алды. Оқиға Вена қаласынан 100 шақырым жердегі Аннаберг елді мекені нің жанында болған.
55 жасар браконьерді полиция көптен бері аңдып жүрген екен. Өткен түні машинамен келе жатқан оны полиция тұтқындау үшін тоқтатпақ болған. Бірақ браконьер полициядан қашып, онымен атысқан. Аударылған машинасын тастап кетіп, орманға кіріп, атысты жалғастырған. Екі полиция мен жүргізуші оққа ұшқан. Ақырында бір адамды кепілдікке алған қылмыскер өзінің фермасына тығылып, атысты жалғастыруда. Осы сағаттарда ол әлі берілген жоқ.
Қысқа қайырып айтқанда:
*Молдованың Кеден одағына енуден бас тартуына байланысты Ресей түрлі экономикалық қысымдар көрсетуде. Өткен аптада ол молдовалық шараптарды енгізуден бас тартса, енді еңбек мигранттарын шектеуді қолға алып отыр.
*Бангладештің жоғарғы соты Абдулла Кадерді әскери қылмыстары үшін өлім жазасына кесті. 65 жастағы молла бұл жазаға 1971 жылы Бангладештің Пәкстаннан бөлінуі кезінде жасаған қылмыстары үшін кесіліп отыр.
*Испанияда Мароккомен шекаралас Сеут қаласында «Әл-Каида» ұйымы жетекшілерінің бірі Ахмед Ясин ұсталды. Ол Сириядағы соғысқа жихадшылар жинаумен айналысып жүр екен. Осыған дейін ол Сирияға 50 жихадшыны аттандырып жіберіпті.
Жапон соты 2011 жылғы цунами кезінде адасып қалған балалар үшін ата-аналарына 1,8 млн. доллар көлемінде айыппұл төлеуді балабақшаның мойнына салып қойды. Соттың шешімі бойынша, қандай жағдай болса да балабақша сәбилерді құтқаруға тиісті екен.
*Үстіміздегі жылдың 6 қарашасында Тәжікстанда кезекті президенттік сайлау болады. Кеше кандидат ретінде тәжіктің ауыл шаруашылығы академиясының вице-президенті Б.Бұхариевтің кандидатурасы да ұсынылды.
Интернет материалдары негізінде әзірленді.