• RUB:
    4.9
  • USD:
    443.72
  • EUR:
    482.28
Басты сайтқа өту
Кино 29 Сәуір, 2020

«Оскар» алу үшін онлайн көрсетілім жеткілікті

206 рет
көрсетілді

«Оскар» сыйлығының ұйымдастырушылары дүниежүзілік пандемияның салдарынан әлемде кинотеатрлардың жабылып қалуына орай онлайн түрде көрсетілген фильмдерді іріктеуден өткізеді, деп хабарлады  piter.tv.

Мәлімдемені америкалық Кино өнері академиясы жасаған. Бұл кино өнерінің тарихында болмаған жағдай. Әйтсе де бұл ереже кинотеатрлар ашылған күннен бастап жұмысын тоқтатады.

Жуырда «Оскар» сыйлығы 93-ші рет ұйымдастырылды. Ұйымдастырушылар уақытша болса да бұл ережені неге енгізіп отыр? «Оскар» сыйлығына ұсынылу үшін фильм жарыққа шыққан уақытын қоса есептегенде 60 күннің ішінде академияның арнайы қорғалған сайтына орналастырылуы тиіс. Әдетте ереже бойынша бұрын Лос-Анжелестегі коммерциялық кинотеатрларда күніне кемі үш реттен жеті күн қатарынан көрсетілу керек болатын. Бұл дегеніңіз миллиондаған қаржы екені айтпаса да түсінікті. Жаңа жағдайға сәйкес, әзірше фильмнің академияның сайтына орналастырылуы жеткілікті болып тұр.