2013 жылғы 18 маусым, Астана, Үкімет Үйі
«Ұлттық ғылыми кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:1. «Ұлттық ғылыми кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 38, 468-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.Ахметов.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 619 қаулысына қосымшаҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 қаулысымен бекітілген
Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ереже
1. Жалпы ережелер1. Осы Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) «Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және ұлттық ғылыми кеңестер (бұдан әрі – кеңестер) қызметінің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.2. Кеңестер ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің даму бағыттары бойынша алқалы органдар болып табылады.3. Кеңестер Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының мемлекеттік басымдықтарына сәйкес ғылым бағыттары бойынша құрылады.4. Кеңестердің жұмысын ұйымдастыратын мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама ұлттық орталығы (бұдан әрі – сараптама орталығы) кеңестердің жұмыс органы болып табылады.
2. Кеңестердің құрамы5. Кеңестердің құрамы үш жыл мерзімге бекітіледі және мүшелердің тақ санынан құралуы тиіс. 6. Кеңестердің құрамдарын ғылым саласындағы уәкілетті орган салалық уәкілетті органдардың, ғылыми ұйымдардың, жоғары оқу орындары мен ғылыми-қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстары мен ұсынымдары бойынша қазақстандық және шетелдік құзыретті ғалымдардың, мемлекеттік органдардың, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық даму институттарының, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдері қатарынан қалыптастырады және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. 7. Кеңестердің құрамына сайланатын қазақстандық ғалымдардың мамандығы бойынша кемінде 10 жыл жұмыс өтілі және соңғы 5 жылда мамандығы бойынша кемінде 2 Хирша индексі бар болуы тиіс. Гуманитарлық, қоғамдық, саяси және әлеуметтік ғылымдар саласында мамандандырылған ғалымдарға соңғы 5 жылда мамандығы бойынша кемінде 2 Хирша индексінің болу талабы қолданылмайды.8. Қазақстандық ғалымдарды кеңестердің құрамына іріктеу ғылым саласындағы уәкілетті орган құрастырған, соңғы 5 жыл ішіндегі ғалымдардың Хирша индексі бойынша ранжирленген жарияланымдары тізімінің негізінде жүргізіледі. Бұл ретте кеңестердің құрамына осы тізімге сәйкес көбірек Хирша индексі бар ғалымдар іріктеледі.9. Кеңестер құрамының жиырма пайыздан аспайтын, бірақ әрбір кеңесте бір мүшеден кем емес бөлігі әлемдегі жетекші ғылыми немесе ғылыми-білім беру ұйымдарының өкілдері болып табылатын, ағылшын тілін еркін меңгерген және соңғы 5 жылда кемінде 10 Хирша индексі бар шетелдік ғалымдар қатарынан қалыптасады.10. Кеңестер құрамының жиырма пайыздан аспайтын бөлігі мемлекеттік органдардың (ғылым саласындағы уәкілетті орган өкілдерін қоспағанда), ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық даму институттарының, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялар мен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдерінен қалыптасады. 11. Кеңес құрамының жиырма пайыздан астамын құрайтын бір ұйымның қызметкерлері және кеңестің басқа мүшесінің тікелей бағынысындағы адамдар кеңес құрамына сайланбайды. 12. Әрбір кеңесте қазақстандық ғалымдар ішінен төраға және төрағаның орынбасары сайланады. 13. Кеңес төрағасы оның қызметін басқарады, кеңестердің отырыстарында төрағалық етеді, кеңестің жұмысын жоспарлайды және өз қызметі шеңберінде мемлекеттік органдармен, сондай-ақ басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл жүргізу кезінде кеңестің атынан өкілдік етеді. 14. Төраға болмаған жағдайда оның функцияларын орынбасары атқарады. 15. Төраға кеңес мүшелерінің арасынан хаттаманы ресімдеуге жауап беретін кеңестің хатшысын айқындайды. Кеңестің хатшысы кеңес шешімдер қабылдаған кезде дауыс беру құқығына ие.
3. Кеңе