• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
18 Қыркүйек, 2013

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрығы № 416-ө-м

385 рет
көрсетілді

2012 жылғы 29 қазан,   Астана қаласы

Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (50-шығарылым) бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 125-бабына сәйкес жұмыстардың белгілі бір түрлерінің күрделілігін белгілеу, жұмысшыларға біліктілік разрядтарын беру және кәсіптерінің дұрыс атауларын айқындау мақсатында бұйырамын:1. Қоса беріліп отырған Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (50-шығарылым) бекітілсін.2. Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті (А. Ә. Сарбасов) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi С. Ә. Ахметовке жүктелсiн.4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министр С. ӘБДЕНОВ.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 416-ө-м бұйрығымен бекітілді

Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (50-шығарылым)

1-бөлім. Жалпы ережелер1. Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік біліктілік анықтамалығы (бұдан әрі - БТБА) (50-шығарылым) «Балық және теңіз өнімдерін аулау және өңдеу» бөлімінен тұрады. 2. Жұмыс разрядтары еңбек жағдайлары ескерілмей (еңбек күрделілігіне әсер ететін және орындаушының біліктілігіне қойылатын талапты күшейтетін экстремалды жағдайларды қоспағанда), олардың күрделілігіне қарай белгіленді.3. Әрбір кәсіптің тарифтік-біліктілік сипаттамасының екі бөлімі бар. «Жұмыс сипаттамасы» бөлімі жұмысшы орындай алуға тиіс жұмыстар сипаттамасынан тұрады. 4. Тарифтік-біліктілік сипаттамада жұмысшы кәсібінің осы разряды үшін үлгі болатын жұмыстар тізбесі беріледі. Бұл тізбеде жұмысшы істей алатын және істеуге тиіс барлық жұмыстар көрсетілмейді. Қажет болған жағдайда жұмыс беруші оларды орындау күрделілігі бойынша тиісті разрядтағы жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамасындағы тізбеге сәйкес келетін ерекшелігін ескеріп, жұмыстардың қосымша тізбесін жасай алады. 5. «Білуге тиіс» бөлімінде жұмысшының арнайы біліміне, сондай-ақ жұмысшы қолдануға тиіс нұсқаулықтар, басқа да нұсқау материалдары, әдістер мен құралдар ережелерін білуге қатысты қойылатын негізгі талаптарды қамтиды. 6. «Білуге тиіс» деген бөлімде жазылған теориялық және практикалық біліміне қойылатын талаптармен қатар, жұмысшы: еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын; жеке қорғану құралдарын пайдалану ережесін; орындалатын жұмыс (қызметтер) сапасына, жұмыс орнында еңбекті ұтымды ұйымдастыруға қойылатын талаптарды; ақаулық түрлері мен оның алдын алу және жою тәсілдерін; өндірістік сигнализацияны білуге тиіс. 7. Неғұрлым жоғары біліктілігі бар жұмысшы өзінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында көрсетілген жұмыстардан басқа, анағұрлым төмен біліктілігі бар жұмысшылардың тарифтік-біліктілік сипаттамасында көрсетілген жұмыстарды орындай білуге тиіс, сондай-ақ осы кәсіптің анағұрлым төмен разрядтағы жұмысшылары басқара білуге тиіс. Осыған орай, әдетте, анағұрлым төмен разрядтағы кәсіптердің тарифтік-біліктілік сипаттамасында көрсетілген жұмыстар неғұрлым жоғары разрядтар сипаттамасында көрсетілмейді. 8. Қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттарды толтырған кезде, сондай-ақ тарифтік разрядты өзгерткен кезде оның кәсібінің атауы БТБА-ға сәйкес жазылады. 9. Тарифтік-біліктілік сипаттамалары, ерекше ескертілген жағдайлардан басқа, осы бөлімдерде көрсетілген өндірістер мен жұмыс түрлері бар ұйымдардың меншік нысанына және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, олардағы жұмысшылардың жұмыстарын тарификациялаған және біліктілік разрядтарын белгілеген кезде міндетті болып табылады. 10. Қолданылуға ыңғайлы болу мақсатында, БТБА-да алфавиттік көрсеткіш қосымшада көзделген, онда жұмысшылар кәсіптерінің атаулары, разрядтардың диапазондары және беттердің нөмірленуі қарастырылған.11. «Балық және теңіз өнімдерін аулау және өңдеу» бөлімінде қарастырылған жұмысшы кәсіптері атауларының, олардың БТБА шығарылымы бойынша қолданыстағы атаулары көрсетілген тізбесі 2004 жылғы редакциясында берілген.

2-бөлім. Балық және теңіз ө німдерін аулау және өңдеу 1. Балық майын өндіру аппаратшысыПараграф 1. Балық майын өндіру аппаратшысы, 4-разряд12. Жұмыс сипаттамасы: бауырды гидролиздеу, майды сүзу, майды дәрумендендіру және майды ультракүлгін сәулемен сәулелендіру технологиялық процессін механикаландырылған тәсілмен жүргізу; автоматика құралдары мен бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен майды гидролиздеу, дәрумендендіру және сәулелендіру технологиялық режимдерін орындау; жабдықтар мен механизмдердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету;сынамаларды іріктеу және өнімнің сапасын бақылау; қажетті құжаттаманы жүргізу. 13. Білуге тиіс: шикізаттың физикалық-химиялық қасиеттері; бауырды гидролиздеу, майды сүзу, дәрумендендіру және ультракүлгін сәулемен сәулелендіру технологиялық процессінің режимі мен параметрлері; өнімнің сапасына қойылатын талаптар; қолданылатын жабдықтар мен аппаратураның құрылысы мен пайдалану ережесі; сынамаларды талдау және іріктеу әдістемесі.

2. Пат өндіру аппаратшысы Параграф 1. Пат өндіру аппаратшысы, 2-разряд14. Жұмыс сипаттамасы: біртекті масса болғанға дейін белгілі бір қатынаста нитролактағы таза гуанитті ағаш қалақпен қолмен араластыру арқылы інжу пат жасау: шикі гуанина қатты су ағынымен қапшық сүзгіде жуу; патты банкаларға, флягаларға өлшей отырып, салу; қабыршықтарды бөшкелер мен жәшіктерде тұздау. 15. Білуге тиіс: гуанин мен нитролактың белгіленген мөлшерлемесі; патты ыдыста өлшеу және орап салу.

Параграф 2. Пат өндіру аппаратшысы, 3-разряд16. Жұмыс сипаттамасы: керосиннің немесе лигроиннің көмегімен араластырғышы бар роторлық-араластыру аппаратында балықтың қабыршағынан гуанинді алу процессін жүргізу; тұндырғыштарға құйған кезде суспензияны сүзу; вентильдің көмегімен керосиндегі немесе бензиндегі гуанин суспензиясының сепараторға жіберілуін реттеу; керосин немесе бензин суспензиядан гуанинді әр түрлі жүйелі сепараторда қысым, температура параметрлерін сақтай отырып, айыру процессін жүргізу; роторлық-араластыру аппаратын, сепараторды, араластырғышты басқару;інжу паты бар банкаларды жабу машинасымен жабу. 17. Білуге тиіс: балықтың қабыршағынан гуанинді алу процессінің технологиялық схемасы мен режимі; шикізат пен сұйықтықты суспензиялаушы гуаниннің физикалық-химиялық қасиеттері; қолданылатын жабдықтың құрылысы мен пайдалану ережесі; өндірілетін жартылай дайын өнімнің сапасына қойылатын талаптар. Параграф 3. Пат өндіру аппаратшысы, 4-разряд18. Жұмыс сипаттамасы: інжу патты толық технологиялық схема бойынша алу процессін жүргізу;зертханада белгіленген ара қатынаста су, пепсин, сірке суы қышқылын қоса отырып, гуанинді ферменттеу процессін жүргізу; гидролиздің белгіленген режимін орындауды қамтамасыз ету және сырттай бақылау арқылы гуанинді ферменттеудің аяқталғанын анықтау;ортаның қышқылдығын ұдайы тексере отырып, қышқылдығын анықтау үшін гуанинді сумен жуу; айырылған гуанинді есепке алуды жүргізу19. Білуге тиіс: пат алу процессінің технологиялық схемасымен режимі; индикаторлардың көмегімен ортаның реакциясын айқындау әдісі; қолданылатын жабдықтың құрылысы мен пайдалану ережесі; жартылай дайын өнімдер мен дайын өнімдердің физикалық-химиялық және бактериологиялық қасиеттері және олардың сапасына қойылатын талаптар; айырылған гуанинді есепке алу формасы.

3. Аулау құралдарын жасау Параграф 1. Аулау құралдарын жасау, 1-разряд20. Жұмыс сипаттамасы: аулаудың тор және арқанды құралдарын жасау және жөндеуге байланысты қарапайым операцияларды орындау; тор жайманың жиектерін жиыратын жіпті кесу; арқанды кесу, қосу; такелаждағаннан кейін торлы жайманы кесу, тоқу; қалтқы мен сүңгуір жүгін алу, кесу, байлауын шешу, оларды жарамдылық дәрежесіне қарай сұрыптау;құралды кескеннен кейін арқанды түйіндер мен жіптен тазалау; қалтқы мен сүңгуір жүгінен жұқа жіптерді алып тастау; аулау құралдарының бөліктерін сабына бекіту; инеге қолмен жіп, бау орау. 21. Білуге тиіс: арқанды кесу, қосу, такелаждағаннан кейін торлы жайманы сөгу тәсілдері мен ережесі; оларды аулау құралынан алғаннан кейін қалтқы мен сүңгуір жүгін жарамдылық дәрежесіне қарай сұрыптау ережесі.

Параграф 2. Аулау құралдарын жасау, 2-разряд22. Жұмыс сипаттамасы: тік бұрышты тор жайманы жіп пен байдан қолмен тоқу; тік бұрышты тор жайманы арқандап байлап немесе оларды машинада тігіп ұяшықтарға қосу; делдің ж иектерін қалпына келтіру, түзету; тор жайманы арқан бойынша бөлу; тор жайманы жөндеу; тік бұрышты тор жайманың ақаулы жерлерін кесу, жыртылған ұяшықтарын байлау арқылы қалпына келтіру; ақаулы құралды ауыстыру; инелікті жіппен, баумен ине орағыш машинаның көмегімен орау; тунец аулауға арналған қабаттың бөліктеріне арналған дайындаманы синтетикалық жіп пен болат қанаттан жасау, белгіленген өлшемді дайындамаға қажетті металл және полихлорвинил түтіктерді кесу, дайындаманы қылаудан тазарту; бухталарды, өсімдікті және синтетикалық арқан мен бауларды қайта басу, орамын жазу, орауын ашу; қажетті өлшемді өсімдікті және синтетикалық арқан мен бауларды қолмен тарту, өлшеу, кесу (шабу); шығып кеткен ұштарын бекіту және дайындаманы бухтаға орау; тор жайманың байламын, делдің байлауын жазу; жөндеуге түскен аулаудың тор құралдарын ашу; аулау құралдарын такелаждау; байламды орау матасымен қаптау; тор құралдарды жөндеу үшін оларды ілгішке ілу және жөндегеннен кейін түсіру; аулаудың тор құралдарын қолмен және механизмдердің көмегімен орау;аулаудың ағаш-қаңқа құралдарын жасау және жөндеу үшін материалдар дайындау: шанышқы, шыбық (тал), ілмек, трал кляча, вентерге арналған катель, мереж; аулаудың ағаш-қаңқа құралдарын тексеру және жөндеу сипатын айқындау, жөндеуге қажетті материалдарды таңдау, аулау құралдарын құралдардың көмегімен қолмен жөндеу, бүлінген бөлшектерді алып тастау және ауыстыру. 23. Білуге тиіс: аулау құралдарын жасау және жөндеу кезінде қолданылатын материалдардың түрлері және олардың сапасына қойылатын; арқан, бау, тор жайманың орамасын жазу ережесі мен тәсілдері; тор жайманы байланыстыру және біріктіру тәсілдері, тунец аулауға арналған қабаттың бау бөліктерін біріктіру; байламдар мен тор жайманы біріктірудің сапасына қойылатын талаптар; аулау құралдарын жөндеудің ережелері мен тәсілдері және оларды жөндеу сапасына қойылатын талаптар; қолданылатын механизмдер мен құралдардың құрылысы мен оларды пайдалану ережесі; аулау құралдарын ілгіштерге ілу және ілмектерден алу тәсілдері.

Параграф 3. Аулау құралдарын жасау, 3-разряд24. Жұмыс сипаттамасы: «Геркулес» типті арқанның құрастырылған түрлерінен, болат қанат пен арқаннан қанаттық бұйымдарды (такелаждарды) жасау кезінде операцияларды орындау: қайта басу, қажетті өлшемді бухталардың орауын жазу, канатты өлшеу және қолмен кесу (шабу), құрастырылған, болат қанат пен арқанды балқыту; өсімдік және синтетикалық қанаттан немесе баудан арқан бұйымдарын (такелаж) жасау кезінде операцияларды орындау: қажетті өлшемді қанат немесе бауды механизмдердің көмегімен өлшеу, өру арқылы, қанатты ұзарта отырып, огон жасау, уақытша және тұрақты таңба салу, өсімдік және синтетикалық қанаттан кранец, жүк торлар (парашют), мат пен саға жасау;торкөзді, бау, қанат пен арқанды созу және керу; қармақ (өзі ұстайтын) құралдар; пенопласт пен басқа материалдан станокта немесе қолмен аулауға арналған жабдықтар, сүңгуір жүкті, қалтқы, буй жасау; кательде, вентерге арналған ағаш құрсауда, мережде құлып кесу; сүңгуір жүктің, кухтыльдің делін және басқа жабдықтарды жеке-жеке қаптау, жіппен, трал иірме жібімен, баумен байлау, орау; тік бұрышты қалыпты аулау құралдарының жеке бөліктерін қолмен жіптен немесе баудан өру; ұяшықтарды есептеу және өлшеу; тік бұрышты қалыпты аулау құралдарының жеке бөліктерін қолмен пішу;арқанды шығырмен бекіту және керу; тор жайма мен арқанға күрделі жөндеу жүргізу; көздерін өру арқылы, фигуралы жамаулармен жамау және машинамен байлау арқылы күрделі қалыпты тор жайманың бүлінген жерлерін қалпына келтіру; тоғыспа қанатты немесе бауларды ішінара алмастыру; күрделі аулау құралдарының жөнделген жекелеген бөліктерін біріктіру және ұяшықтар жасау және оларды таңбалау; тунец аулауға арналған қабатты құрастыру кезінде металл және полихлорвинил түтікті аралық тізгінге және ілмектің тізгініне орналастыру;арнайы аспап пен өлшеу құралдарының көмегімен аралық тізгіннен және ілмектің тізгінінен огон жасау; огонның металл түтіктерін қысқыш престе қысу; металл бөліктерді майлау; тунец аулауға арналған қабаттың жекелеген бөліктерін құрастыру сапасын бақылау; тунец аулауға арналған қабаттың себеттері мен бөліктерін бухтаға, бума етіп, байлам етіп орау; құралдың көмегімен қолмен сызбалар мен үлгілер бойынша ағаш-каркас құралдарын жасау; аулаудың шыбықты құралдарын өру және жекелеген бөліктерін дел

Соңғы жаңалықтар